«КӘСІБИ ЕҢБЕК» ПӘНІ АЯСЫНДА ЗИЯТЫ ЖЕҢІЛ ЗАҚЫМДАЛҒАН ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ТАЙМ-МЕНЕДЖМЕНТТІК ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ
Зияты жеңіл зақымдалған жеткіншектердің тайм-менеджмент дағдыларын дамыту олардың белгілі бір кәсіпке бейімделуі мен тәуелсіздігін арттыру үшін өте маңызды. Бұл мақалада зияты жеңіл зақымдалған жеткіншектердің тайм-менеджменттік дағдыларын дамытуда кәсіби еңбекке баулу пәнінін маңызды рөлі зерттелген. Дәстүрлі білім беру әдістері көбінесе когнитивті мәселелерді шеше алмайды. Сондықтан инновациялық стратегиялар, соның ішінде тәжірибелік және құрылымдық орталар маңызды. Бұл мақаланың негізгі мақсаты – зияты жеңіл зақымдалған жеткіншектердің тайм-менеджменттік дағдыларын дамытудың негізгі құралдарының бірі ретінде кәсіптік еңбекке баулу пәнінің әлеуметтік аспектілерін зерттеу болып табылады. Мақсат қою және уақытқа бағытталған жобаларды кәсіптік тапсырмаларға біріктіру арқылы педагогтар жеткіншектерге осы маңызды дағдыларды дамыту үшін қолайлы контекст жасай алады. Кәсіптік оқытудың түзету-дамыту мақсаты – зияты зақымдалған оқушыларды өмірге және еңбекке қажетті білімдерін толықтырып, әлеуметтік дағдыларын жақсату болып табылады. Мақалада кәсіби еңбекке баулу барысында зияты жеңіл зақымдалған жеткіншектердің тайм-менеджменттік дағдыларын тиімді дамыту әдістері ретінде таймерлерді пайдалану, уақытты бөлу, тапсырмалардағы басымдықтарды анықтау сияқты тәжірибелік тұрғыдан іске асырылатын әдістер ұсынылады. Тайм-менеджменттік дағдыларды дамытуға арналған әдістер зияты жеңіл зақымдалған жеткіншектердің тапсырмаларды орындауын жақсартуға, ұйымдастырушылық дағдыларын дамытуға және өзін –өзі реттеуі мен өзін-өзі бағалауларының жетілуіне , сайып келгенде зияты жеңіл зақымдалған жеткіншектердің ересек өмірге сәтті дайындалуына мүмкіндік береді. Құрылымдық әрекеттердің , жекелендірілген стратегиялардың және дәйекті тәжірибенің үйлесім табуы арқылы педагогтар зияты жеңіл зақымдалған жеткіншектердің тайм-менеджмент дағдыларының дамуын жан-жақты қолдау арқылы дамыта алады. Мақаланың нәтижесінде зияты жеңіл зақымдалған жеткіншектердің тайм-менеджмен дағдыларын дамыту олардың кәсіптік және жеке өмірлеріне оң әсерін тигізе отырып, осы дағдыларды дамыту үшін мақсатты араласулар мен бейімделген оқыту әдістерінің қажеттілігін көрсетеді.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · Т. 416, № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP