Central AsianResearch Index

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДЕСТРУКТИВТІ ВЕБ-КОНТЕНТТІ АНЫҚТАУ ҮШІН МАШИНАЛЫҚ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Мақалада интернет желісіндегі деструктивті хабарламаларды анықтау және оларды талдау мәселелері жан-жақты қарастырылады. Авторларагрессивті мазмұндағы мәтіндік деректерді автоматтандырылған түрде жинау және таңбалау үшін тиімді алгоритмдер ұсынады. Бұл кешенді тәсіл деректерді жинау, өңдеу және мақсатты деректер жиынтығын құру арқылы модельдерді теңгерімді түрде оқытуға бағытталған. Зерттеу барысында ұсынылған алгоритмдердің F-өлшем бойынша жоғары дәлдікке қол жеткізгені және мақсатты класс теңгерімсіздігін шешуде тиімділігі дәлелденген. Деструктивті хабарламалар бес негізгі класқа бөлініп талданады: буллинг, расизм, нацизм, зорлық-зомбылық экстремизмі. Бұл мазмұндыәртүрлі әлеуметтік желілерден (YouTube, ВКонтакте, Telegram) жинаудың маңыздылығы зерттеуде нақты атап көрсетілген. Мұндай ақпараттың қоғамғажәне ұлттық қауіпсіздікке тигізетін кері әсерін азайту үшін уақытылы анықтау қажеттілігі баса айтылады. Авторлар интернеттің экстремистік және террористік топтар үшін идеология тарату, қауіпті әрекеттерді ұйымдастыру құралына айналғанын атап өтіп, мұндай мазмұнмен күресу жолдарын талдайды.Мақалада агрессивті ақпараттың таралу динамикасын түсінудің және оны зерттеудің маңыздылығына ерекше назар аударылады. Қазақ тілінде ашық көздерден алынған деректерді талдауға арналған корпус құрудың өзектілігі негізделген. Әлеуметтік желілер мен мәліметтер жинау қауіпсіздік шараларын күшейтуге, экстремизмге қарсы күресті жетілдіруге және ақпараттық кеңістікті қорғауға бағытталған тиімді қадам ретінде ұсынылады. Авторлар жаһандық желідегі агрессивті ақпаратты тиімді анықтау үшін деректерді өңдеудің заманауи тәсілдерін қолданудың маңыздылығын атап өтеді. Бұл зерттеу агрессивті мазмұнның таралуын алдын алуға, ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға және ақпараттық кеңістікті қорғауға бағытталған тиімді құралдарды ұсынады. Зерттеудің нәтижелері аналитикалық және қауіпсіздік шараларын жетілдіру үшін маңызды деп танылады.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 4
Язык
Казахский
ISSN
1991-346X · 2518-1726
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP