Central AsianResearch Index

КІЛТТІК СӨЗДЕРДІ ШЫҒАРУДА МАШИНАЛЫҚ ЖӘНЕ ТЕРЕҢ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН ҚОЛДАНУ

Интернет технологиясының қарқынды дамуымен және соңғы уақытта жаңалықтар мазмұнының жылдам таралуымен мәтіннен кілттік сөздерді шығару маңыздылығы артып келеді. Осындай қажеттіліктерге байланысты кілттік сөздерді қолдану оқырманға қажетті ақпаратқа оңай және жылдам қол жеткізуге мүмкіндік береді. Кілттік сөзді шығару мәтінді өңдеудегі, табиғи тілді өңдеудегі және ақпаратты іздеудегі маңызды зерттеу бағыты болып табылады. Кілттік сөздің маңыздылығына және оны қолмен белгілеудің қиындығына байланысты, кілттік сөздерді автоматты түрде шығару маңызды нәтижелерді алуға мүмкіндік береді. Табиғи тілді өңдеудің қосалқы тақырыптарының бірі болып табылатын кілттік сөзді шығаруға автоматты индекстеу, автоматты жинақтау, автоматты классификация, автоматты кластерлеу, автоматты сүзгілеу кіреді. Табиғи тілді өңдеу салаларында машиналық оқыту мен терең оқыту тәсілдерінің арқасында жасанды интеллектке негізделген әдістер 2000 жылдардың басында қолданыла бастады. Кілтсөзді шығару үшін ұсынылған көптеген әдістер мен алгоритмдер бар. Бұл әдістерді екі негізгі тақырып бойынша топтастыруға болады: бақыланатын және бақыланбайтын тәсілдер. Қазіргі таңда қазақ тілі үшін машиналық оқыту және терең оқыту әдістері және табиғи тілді өңдеу зерттеулері шектеулі. Қазақ тілін танытатын корпус болмағандықтан, бүгінгі күнге дейін кілттік сөздерді шығару бойынша зерттеулер жоқ. Бұл сала онлайн қазақша контент көлемінің айтарлықтай ұлғаюына және қолданыстағы электрондық құжаттарға қолмен берілген кілт сөздердің сирек болуына байланысты көбірек күш салуды қажет етеді. Бұл зерттеуде кілттік сөздерді шығарудың машиналық оқыту әдістері және терең оқыту әдістері туралы жалпы ақпарат берілген және маңызды зерттеулер қарастырылған.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 3, С. 25-36
Язык
Казахский
ISSN
1991-346X · 2518-1726
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP