Central AsianResearch Index

САНДЫҚ БАСҚАРУ СТАНОКТАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН ТАУ-КЕН-ШАХТА ЖАБДЫҚТАРЫН АВТОМАТТАНДЫРУ

Тау-кен өнеркәсібі Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Бүгінгі күні елімізде пайдалы қазбалардың көптеген түрлері, соның ішінде көмір, мұнай, газ, мыс, алтын, темір кені және басқа металдар өндіріледі. Жалпы, тау-кен Қазақстан экономикасының маңызды саласы болып табылады және осы саланы одан әрі дамыту экономикалық өсімнің ұлғаюына және жаңа жұмыс орындарының құрылуына әкелуі мүмкін. Қазақстанның тау-кен өнеркәсібіндегі басты мәселелердің бірі технологиялар мен экологиялық стандарттарды жақсарту қажеттілігі болып табылады. Тау-кен өнеркәсібінде заманауи технологиялар енгізілу үстінде. Алайда, Қазақстанда тау-кен өнеркәсібінің тұрақты және қауіпсіз дамуын қамтамасыз ету үшін әлі де көп жұмыс істеу керек[1]. Еліміздегі тау-кен өнеркәсібі өз операцияларының ауқымы мен күрделілігіне байланысты инновациялық смарт жүйелермен әлі толық қамтылмаған деп айта аламыз. Қазіргі таңда капиталды және адам қол күші еңбегін көп қажет етеді. Тау-кен өнеркәсібінің өрлеуі қаншама жылдар бойы өзгермегендіктен, біз әлі күнге дейін жүз жылдық процестер мен әдістерді қолданатын кейбір еліміздің аймақтарынан сол тау-кеніштерін табамыз. Тарихи қалыптасқан ерекшеліктерге байланысты Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия кешені, әдетте, бастапқы металдарды өндіруге және шикізат экспортына бағдарланған. Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың 2030 жылға дейінгі үшінші бағдарламасын іске асыру шеңберінде тау-кен-металлургия кешеніне республика экономикасын дамытудың локомотивтерінің бірі, макроэкономикалық көрсеткіштерді қалыптастырудың негізгі факторы рөлі берілді. Бұл ретте ТМК салаларының басты міндеті – ұлттық экономиканы құрылымдық қайта құру үшін жағдайларды қамтамасыз ету және әлемдік нарықтарда бәсекеге қабілетті жоғары технологиялық түпкілікті өнімнің ғылымды қажетсінетін жаңа өндірістерін құру сақталады.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 3, С. 5-24
Язык
Казахский
ISSN
1991-346X · 2518-1726
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP