МИКРОТОЛҚЫНДЫ ӨҢДЕУ АРҚЫЛЫ ӨНДІРІСТІК КЛИНКЕРДЕН МЫРЫШТЫ АЛУ: ФАЗАЛЫҚ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ОҢТАЙЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ШАЙМАЛАУ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ
Бұл мақалада өңдеу күрделілігі жоғары материалдардан мырышты тиімді экстракциялау мақсатында микротолқынды әсер ету бойынша озық әдіс ұсынылған. Сипатталған әдіс екі кезекті фазаны қамтиды: микротолқынды әсер ету арқылы фазалық өзгеріс және амбиентті температурада күкірт қышқылында шаймалау. Микротолқынды энергияны пайдалану арқылы жүзеге асырылатын фазалық өзгеріс барысында қиын еритін мырыш фазалары бақыланатын фазаға ауысады. Эксперимент нәтижелері микротолқынды өңдеу 600°C-та 5–7 минут бойы ZnS-ті ZnO-ға түрлендіру үшін тиімді екенін, ZnO∙Fe2O3 түзілуін болдырмайтынын растайды. Микротолқынды сәулелену қуаты 25 кВт кезінде көрсетілген уақыт аралығында клинкерден мырыш экстракциясы 46,47% құрайды. Осылайша, зерттеу, күрделі өңделетін ресурстардан мырышты экологиялық қауіпсіз өндірудің болашағын ашады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP