Central AsianResearch Index

УРАН ӨНДІРУ КЕЗІНДЕГІ КАТИОНДЫҚ ЖӘНЕ АНИОНДЫҚ ҚҰРАМЫНЫҢ КОНЦЕНТРАЦИЯЛАРЫ МЕН СИПАТТАМАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ

Мақалада "Семізбай-U" (Қазақстан) уран өндіруші кәсіпорнының "Ирколь" кенішінің қышқылды жерасты ұңғымалық руданы қышқылдық еріту кезінде кеннің элементтік (катиондық және аниондық) құрамын зерттеу нәтижелері баяндалған. Уран тектес кенді қышқылдық еріту кезінде катиондар мен аниондардың түзілуі эксперименталды түрде көрсетілген, катиондар мен аниондардың осы кендерде кездесетін түрлері уранды қышқылдық еріту және бөліп алу кезінде күкірт қышқылының белгілі бір концентрациясында жинақталатыны көрсетілген. Технологиялық ерітінділерде уранды өндіруде ион алмастырғыш шайырларды ластайтын элементтердің негізгі бөлігін Al, Fe, Mg және Ca, Si, Mn, V, Ni және Cu құрайтыны баяндалған. Сынамаларда кездесетін кейбір элементтердің құрамы ғылыми қызығушылық тудырады. Атап айтқанда, олардың өнім ерітіндісіндегі мөлшері жоғары болмағанына қарамастан, тауарлық десорбатта (ТД) хром мен мыстың айтарлықтай мөлшері табылып, бұл металдардың ион алмастырғыш шайырда жинақталғанын көрсетеді. Зерттеу жұмысында қолданылған технологиялық ерітінділерде хлор иондары және аз мөлшерде фосфаттар да кездескен. Руданы қышқылдық еріту процесінде бөлінген иондарға сандық және сапалық анализдер жүргізілді. Уран өндіру кезінде, руданы қышқылдық еріту барысында ілеспелі элементтердің негізгі бөлігі тауарлық уран десорбатын алудың технологиялық сатыларына әсер ететіні және осы көптеген катиондық және аниондық түрдегі элементтердің болғаны баяндалған. Аниондар мен катиондардың концентрациясына да зерттеулер жүргізілді, шикізаттық уранды өндірудің сатылы технологиялық процесінде аниондар мен катиондар түрлерінің концентрациясы жүйелі түрде қалай өзгеретіні зерттелді. Жұмыста спектрофотометрия, оптикалық-эмиссиялық спектрометрия, титриметрия, рентген-спектрлік талдау, атомдық-адсорбциялық әдістер қолданылды.

Сведения

Опубликовано
2024 · № 4
Язык
Казахский
ISSN
2224-5286 · 2518-1491
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP