HEDYSARUM SONGORICUM BONG. ӨСІМДІГІНІҢ ЛИПОФИЛЬДІ ҚҰРАМДАС БӨЛІКТЕРІ
Бұл жұмыста алғаш рет Жамбыл облысы Жетіжол жотасының төменгі аймағында гүлдену және ерте жеміс беру кезеңінде жиналған бұршақ тұқымдасы (Fabaceae) жоңғар тиынтағының (Hedysarum songoricum Bong.) шөбінен алынған хлороформ сығындысының липофильді компоненттері зерттелді. Жұқа қабатты хроматография әдісі арқылы: циклогексан:этилацетат (8:2) еріткіштер жүйесінде және арнайы реагенттер (фосфорлы молибден қышқылының 10%-дық спирт ерітіндісі, 2%-дық темір (III) хлориді, концентрлі азот қышқылы, йод буы және ультракүлгін сәулесі) көмегімен, стандартты үлгілермен салыстырмалы түрде, басқа да полярсыз заттармен қатар А және Е дәрумендері анықталды. Талдаудың спектрофотометриялық және титриметриялық әдістерін қолдана отырып, олардың сандық құрамы 0,01% (А дәрумені) және 0,03% (Е дәрумені) анықталды. Газ хроматографиясы-масс-спектрометрия (GC-MS) көмегімен көмірсутектер, майлы спирттер, қышқылдар және олардың күрделі эфирлеріне тиесілі 15 зат анықталды. Басқа да липофильді заттармен салыстырғанда ең көп мөлшерде тетракозан (27,38%), 11-тетрадецин-1-ол ацетаты (16,08%), н-гексадекан қышқылы (9,95%), генэйкозан (7,94%) және 9,12,15-октадекаүшен қышқылы (7,93 %) анықталды. Заттарды олардың сақталу уақыттары мен толық массалық спектрлерді NIST электронды кітапханасының деректерімен және GS-MSD деректерді талдау бағдарламасының деректерімен салыстыру арқылы анықталды. Hedysarum songoricum Bong. өсімдігінен алынған хлороформ сығындысының антиоксиданттық белсенділігін FRAP (Ferric Reducing/Antioxidant Power) әдісі арқылы анықталған зерттеулер ұсынылған. Нәтижесінде, сығындының стандартты – аскорбин қышқылымен салыстырғанда, сәйкесінше 0,25 мг/моль (86,73%) және 0,5 мг/моль (78,72%) концентрацияларында антиоксиданттық белсенділігі жеткілікті жоғары екені анықталды.
Сведения
- Опубликовано
- 2025 · № 3
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5286 · 2518-1491
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP