ДАМУШЫ ЖӘНЕ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ БИРЖАДАН ТЫС (OTC) ДЕРИВАТИВТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
Дериватив құралдар нарығы дамушы және дамыған елдерде экономикалық өсуді қолдауда және капитал нарықтарын дамытуда маңызды рөл атқарады. COVID-19 пандемиясына байланысты жаһандық экономиканың өсу қарқынының бәсеңдеуі, әлемдегі тұрақсыз жаһандық макроэкономикалық орта, сондай-ақ Қазақстан экономикасының әлемдік капитал нарықтарына интеграциясының күшеюі аясында қаржылық тәуекелдерді тиімді басқару қажеттілігі экономикалық субъектілер үшін артып келеді. Бұл мақалада дамушы және дамыған нарықтардағы биржадан тыс OTC (over-the-counter) дериватив құралдар нарығының даму динамикасы талданады, бұл нарықтың өсуі үшін маңызды факторлар анықталады және биржадан тыс OTC (over-the-counter) дериватив құралдары нарығының дамушы елдерде дамыған елдерге салыстырғанда өсу ерекшеліктері және тенденциялары анықталады. Бұл зерттеу Халықаралық есеп айырысу банкінің (Bank for International Settlements) 1998 жылдан 2022 жылға дейінгі елуден астам елдердегі дериватив құралдарымен жүргізген мәмілері бойынша статистикалық шолуға негізделген талдау қамтиды, онда дамыған және дамушы елдердегі пайыздық мөлшерлеме мен валюталық биржадан тыс OTC (over-the-counter) деривативтердің айналымы бойынша деректер қамтылған. Жүргізілген талдау нәтижесінде дамушы елдер үшін нарықтық инфрақұрылымды дамыту, өтімділікті басқару, тәуекелдерді басқару, деривативтер құралдарының түрлерін кеңейту және құқықтық базаны жетілдіру бойынша биржадан тыс OTC деривативтер нарығын дамыту үшін әр түрлі бағыттарда ұсыныстар берілді.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 412, № 6
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP