ҚАЗАҚСТАНДА ИНФЛЯЦИЯНЫҢ АРТУЫ ЖӘНЕ ОНЫ ТӨМЕНДЕТУДІҢ ӨЗЕКТІ ЖОЛДАРЫ
Бұл мақалада Қазақстанда инфляция деңгейінің өсу себептеріне талдау жасалып және оның алдын алу шаралары бойынша ұсыныстар берілді. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасында инфляциялық өсім тоқтар емес, өткен жылдың тиісінші айымен салыстырғанда, 2024 жылдың қазанында инфляция деңгейінің 8,5% өсімі тіркелді. Мұнда ең қажеттілерін атап өтсек, ақылы қызметтердің бағасы бір жылда 14,3%–ға, азық–түлік емес тауарлардың бағасы 7,8%–ға, азық-түлік тауарларының бағасы 4,9%-ға өсіп отырғандығын көреміз. Инфляцияға қарсы шаралар бағытында ҚР Үкіметі тарапынан мемлекеттік шығындар мен трансферттерді бюджеттік реттеу ұтымды нәтижелерге әкелмей жатыр, сондықтанда біз үшін бұл инфляция деңгейінің өсу мәселесі жылдан жылға өзекті. Қазақстандағы инфляция өсімін көптеген жылдар бойына зерттеме сараласақ, жылдан жылға инфляция қарқынды өсіп жатырғандығын, сондай-ақ ел экономикамыздың дамуы тұрақсыздыққа тән екендігін байқаймыз. Үкімет пен Ұлттық Банк бұл инфляция деңгейінің өсу мәселесін үнемі атап, тұтынушылық тауарлар бағаларын тұрақтандыру және төмендету бойынша көптеген жоспарлар мен кешенді іс-шаралар жүргізіп жатырғанымен, қажетті нәтижелер мен жетістіктерге жете алмай жатырғандығының куәсіміз. Мақаламызда біз, елдегі жоғары өсімге ие инфляцияның негізгі себептеріне сараптама жүргіземіз, сонымен қатар басқарушы билік органдарының қабылдап жатырған кешенді іс-шараларының неге оң нәтижелерге әкелмей жатырғандығын талдаймыз. Зерттеу барысында төмендегідей нәтижелерге қол жеткізілді: - Қазақстан экономикасының дамуына теріс әсер етуші инфляциялық үдерістердің зияндықтары сараланды; - Қазақстанда қаржы және валюта нарығы жеткіліксіз дамығандығы анықталды; - Қазақстанның экономикасының жоғары деңгейде шикізатқа тәуелділігі және соның негізінде сыртқы байланыстардың дұрыс еместігі зерттелді; - инфляция деңгейінің өсуін тежеуде экономиканы әртараптандыру басымдықтары ұсынылды; - өндіріс ошақтарын көптеп ашылуына ықпал жасау бағытындағы мемлекетіміздің қағазбастылық тұрпаттағы кешенді іс-шаралардан көрі, нақты өндірісті индустриялау реформаларын қайта жасау қажеттіктері ұсынылады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 412, № 6
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP