ӘСКЕРИ ЛИРИКАНЫ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ПАТРИОТТЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУ
Мақалада ХХ ғасырдағы қазақ әскери әдебиеті мәселесі ғалымдардың зерттеулерімен салыстырыла отырып зерделенеді. Зерттеудің теориялық нәтижелерінің маңыздылығы қазақ әскери әдебиеті, әскери лирика және әскери проза туралы ұғымдарды қалыптастырып, ғылыми айналымға түсіруімен, Ауған соғысы тақырыбындағы шығармалардың жанрлық, стильдік және көркемдік-идеялық ерекшеліктерін зерделеумен дәйектеледі. Сонымен бірге, қазақ әдебиетіндегі әскери шығармаларлдың маңыздылығы мен жастарға берер тағылымдық, тәлім-тәрбиелік маңызы сараланады. Әскер тақырыбындағы шығармалардың жанрлық ерекшелігі айқындалып, мазмұндық тұрғыдан топтастырылады. Әдеби жанр суреткер мұратын жүзеге асырудың басты құралы. Өз шығармасын қай жанрда жазу арқылы оқырманға ой салу қажеттігін ең бірінші таңдайтын да автор. Сондықтан жанр шығарманың идеялық шешімін табудағы мақсатты жүзеге асырушы. Осы ретте Ауған соғысы тақырыбындағы жазылған әдеби туындылардың арасында лирикалық жанрдың ерекше көзге түсетіндігін атап өтуіміз керек. Зерттеудің жаңалығы – қазақ әдебиетіндегі әскер тақырыбын, әскери лириканы оқыту арқылы білім алушыларды патриоттыққа тәрбиелеу. Әскери шығармалардағы тұлғалық образдар арқылы жастардың бойында ішкі рух пен жігер қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеуге, тұлғалық болмысын сақтауға үйрету.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 412, № 6
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP