Central AsianResearch Index

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕГІ ФИЗИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ДАМЫТУ

Мақалада физика және әлемтанудың негіздері арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін дамуытудың өзекті мәселелері қарастырылады. Егер пән мұғалімі осыны жүзеге асыру үшін тиісті оқыту әдістерін және жабдықталған сыныптарды қолданса, оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуы жоғары болады. Мақалада физика курсы және ғаламның негіздері арқылы танымдық іс-әрекетті жетілдіру әдістері талданады. Мұнда жеке тәжірибеге бағытталған контекст тұжырымдамасы эксперименттік жұмыс барысында тексерілген модель негізінде берілген. Физика аспектілері мен ғаламның негіздерін біріктіру ұсынылған. Мектептегі әр оқушының білім дәрежесіне және жеке қабілетіндегі ерекшіліктеріне сәйкес ең тиімді оқыту әдістері мен тәсілдерін қолдану қажеттіліктері ұсынылады. Ғылым әрқашанда кездесетін қарама-қайшылықтарды шешу арқылы дамығын. Әлемнің құрылымы туралы абстракциялық-теософиялық көзқарастан бастап, іс жүзінде нақтылы дәлелі бар пікірге дейінгі түрлі болжамдарды кездестіруге болады. Оларды мейлінше қарапайым және түсінікті тілмен жеткізу және оқушыларды ғылыми зерттеуге оңтайлы бағыттау танымдық белсенділікті дамытудың тиімді жолдарының бірі. Қабілеті және пәнге деген қызығушылығы жоғары оқушыларды осы мәселелерді шешуге бағыттау олардың ғылыми зерттеу дағдыларын арттыруға, ойлауын тереңдетуге және өзінің ғылыми ой-пікірін қалыптастыруға көмектеседі. Мақалада осы қайшылықтар төңірігіндегі сұрақтар қарастырылады және оларды танымдық белсенділікті дамыту арқылы шешу тәсілдері қарастырылады. Мақалада физика курсының элементар бөлшектерді тану бөліміндегі кейбір теориялық қайшылықтарды зерттеу қарастырылады. Бұл қайшылықтар физикадағы теориялық зерттеулерді жетілдіру үшін маңызды негіздер болып табылады. Аталған теориялық қайшылықтар физикалық заңдылықтардың өзара үйлесімділігін және олардың нақты эксперименттік нәтижелермен сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. Олар жаңа тәжірибелер мен бақылаулар арқылы шешімін тауып, физикалық әлемді тану белсенділігін арттырады және білімін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 412, № 6
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP