БОЛАШАҚ ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІН STEM БІЛІМ БЕРУГЕ ДАЯРЛАУДЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мақалада информатика білім беру бағдарламасы бойынша болашақ информатика мұғалімдерін STEM білім беруге даярлаудың құрылымы қарастырылады, ол студенттердің кәсіби даярлау жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады. «Педагогикалық білім беру» бағыты бойынша студенттер мен түлектерді даярлау сапасын бағалау тұрғысынан болашақ информатика мұғалімдерін кәсіби даярлаудың әдіснамалық ұстанымдары талданды. «STEM Білім беру» тұжырымдалды, болашақ информатика мұғалімдерін даярлау бойынша білім беру бағдарламасының оқыту нәтижелері топтарға бөлінді. «STEM – білім беру» ұғымының құрылымы мен мазмұны анықталды, болашақ информатика мұғалімдерін STEM білім беруге даярлаудың құрылымдық-функциональдық моделі ұсынылды, ол мақсатты, әдіснамалық, мазмұнды, процессуалдық және рефлексивті блоктардан құралды. STEM білім берудің мақсатты блогы мотивациялық, когнитивті-мазмұнды, белсенді, өлшемді-рефлексивті компоненттермен анықталды. Зерттеудің әдіснамалық блогы педагогикалық білім бойынша студенттерді STEM - білім беруге даярлығы интегративті, трансдисциплинарлық, жүйелік іс-әрекеттік, технологиялық ұстанымдарға негізделді. Процессуалдық блок, STEM білім беруге болаашақ информатика мұғалімдерін кәсіби іс-әрекетке дайындық кезінде қолданылатын оқыту формаларын, оқыту әдістерін және оқыту құралдарын қамтиды. Рефлексивті бағалау блогында студенттерді STEM білім беруге даярлау процесі нақтыланды, яғни студенттердің STEM білімі беру қызметін талдап, оны бағалап және қызмет нәтижелерін оқу міндеттері мен мақсаттарымен салыстырылды. Информатика студенттерін STEM білім беру іc-әрекетіне даярлығын қалыптастыруды жүзеге асырудың дидактикалық шарттары анықталды. Зерттеу нәтижесінде STEM-білім беруге студенттердің даярлығы қалыптасады.Мақалада STEM білім беруге болашақ мұғалімдерді даярлаудың құрылымдық – функционалдық моделі ұсынылды, тұжырымдалған қорытынды жоғары білім беру жүйесінде оқыту нәтижелері мен бағалау құралдарын бойынша ұсыныстар жасалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 412, № 6
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP