ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН ПАЙДАЛАНУ
Мақалада білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайындағы информатика мұғалімдерінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастырудың мәселелері қарастырылады. Қазіргі таңда цифрлық құзыреттілік пен цифрлық сауаттылықты талдау және бағалау - жоғары білім беру мекемелерінің оқытушылары үшін алдыңғы қатарға шығып отыр. Заманауи цифрлық технологияларды игеру үшін оқытушы мыналарды қалыптастыруы керек: әртүрлі цифрлық құралдармен, электрондық ресурстармен жұмыс істеу қабілеті, өмірдегі және болашақтағы кәсіби білім берудегі цифрлық қызметтерінің қабілеті. Дегенмен, цифрлық технологияларды қолданудың тәжірибесі білім беру процесінде білім алушыны әдістемелік сүйемелдеу және цифрлық білім беру ресурстарының қажеттілігі міндетті болып табылады. Бұл зерттеудің басты мақсаты болашақ информатика мұғалімдерінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастырудың тиімді әдісі ретінде – цифрлық білім беру ресурстарының маңызын айқындау болып табылады. Зерттеу барысында тeopиялық және эмпиpикaлық әдіcтep қолданылды. Яғни білім алушылардың оқу үдерісіндегі оқу қызметін бақылау, оқытушылардың тәжірибесін зерделеу, оқытушылар мен білім алушылар арасында тәжірибелік-эксперименттік әңгіме жүргізу, сауалнама жүргізу, білім алушылардың орындаған жұмыстарын талдау, бағалау. Зерттеу нәтижесінде информатика педагогтарының цифрлық технологияларды игеруі барысында педагогикалық дағдылары, талаптары мен құзыреттерінің жаңа мүмкіндіктері ашылды. Цифрлық технологиялар арқылы болашақ информатика пәні мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру моделін анықтау мақсатында болашақ информатика пәні мұғалімінің әдістемелік құзыреттілігін қалыптастыру деңгейлері мен диагностикалық құралдары әзірленді. Болашақ информатика мұғалімдерінің кәсіби бағдарын қалыптастырудағы білімді цифрландыру үдерісінің маңызы айқындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 412, № 6
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP