КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУДЕ КОМПЬЮТЕРЛІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫН ӘЗІРЛЕУ
Мақалада білім беру процесінде компьютерлік технологияларды қолдану және тиісті әдістемелік нұсқау әзірлеу арқылы тәжірибеде жұмыс жасау аясы қарастырылады. Осыған байланысты ұсынылған жұмыстың өзектілігі болып табылатын оқу процесінде компьютерлік технологияларды қолдану әдістемесінің дидактикалық құрылымын құру идеясы ұсынылды. Кәсіби білім беру ортасында компьютерлік технологияларды қолдану әдістемесінің дидактикалық құрылымының негізгі құрылымдық компоненттерін анықтау шеңберінде келесі компоненттер тұжырымдалды: компьютерлік технологияларды қолданудың мақсаттары мен принциптері, компьютерлік технологияларды қолдана отырып оқытудың құралдары, формалары мен әдістері. Зерттеудің мақсаты – кәсіби білім алу процесінде студенттің шығармашылық әлеуетін дамытуда заманауи компьютерлік технологиялардың әдістері мен құралдарын қолданудың орындылығын зерттеу. Бейіндік пәндерді оқыту барысында оқу процесінде шығармашылық қызмет әдіснамасын белсенді қолдануға негізделген көркемдік-композициялық және техникалық міндеттерді шеше алатын сән индустриясында маман қалыптастыру болып табылады. Бұл тәсіл студенттердің өзіндік жұмысының тиімділігін арттырады, шығармашылыққа, кәсіби дағдыларды игеруге жаңа мүмкіндіктер береді, құбылыстар мен процестерді визуалды-графикалық бейнелеу арқылы тұжырымдамалық және математикалық үлгілеу құралдарын қолдана отырып, оқытудың түбегейлі жаңа формалары мен әдістерін жүзеге асыруға болады. Мақалада оқытушылар мен студенттерге интерактивті режимде оқу үлгілерін әзірлеуге және өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдарды пайдаланудың тиімді әдістері мен нәтижелері көрсетілген. Оқу үлгілеу әдістері зерттелетін нысанды көрнекі түрде ұсынуға және білімгерді оқытудың осы түріне қызығушылығын арттыруға, ал динамикадағы процестерді зерттеу оқу материалын тереңірек игеруге ықпал етеді. Осылайша, компьютерлік технологияларды қолдану әдістемесі білім алушының шығармашылық әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді және студенттік жобалардың тиімділігі мен кәсібилігін арттырады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 412, № 6
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP