Central AsianResearch Index

ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ КРИТЕРИЙЛЕРІ

Бұл мақалада инклюзивті білім беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың критерийлері мен тәртібі қарастырылған. Қазіргі уақытта Қазақстанда оқушылардың дамуындағы кемістіктерден туындайтын ерекше білім беру қажеттіліктері тек арнайы мектептерде ғана толық қанағаттандырылады. Олар психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестің қорытындысын алған мектеп жасындағы балалардың жалпы санының 14,2%-ын оқытады және алты мектеп ұсынымдарын алған. Осы санаттағы қалған балалар, сондай-ақ басқа себептерге байланысты оқуда қиындықтары бар мектеп оқушылары, ұйымдастырудың әдістемелік мәселелерінің дайын болмауы себебінен балаларға қажетті психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетпейтін жалпы білім беру мектептерінде оқиды. «Инклюзивті білім беру – барлық дискриминация формасына тосқауыл қоятын, оқушының білім алуындағы әртүрлі қажеттіліктері мен алуан түрлілігін есепке ала отырып, сапалы білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған, жалпы білім беруді дамытудың үздіксіз процесі». Әлемдік заманауи қоғамдастықта жаңа мәдени норма қалыптастыру, адам арасындағы айырмашылыққа сыйластықпен қарау және әр адамның даралану құқығын, сонымен бірге қоғам тарапынан оның қандай да бір өзгешелігін, білім алу ортасындағы ерекшеліктерін есепке алу және мойындау. Сондықтан да инклюзивті білім беру оқушының оқу процесі барысындағы әртүрлі қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін, алуан түрлі ерекшеліктерін мойындаудан басталады. Жоғарыда талданған пікірлердің негізінде көптеген мемлекеттерде ерекше білім беруге сұраныстары бар балалардың қажеттіліктерін бағалаудың және оқыту барысында қолдауды ұйымдастырудың әлеуметтік педагогикалық моделі қалыптасты. Ал, ол біздің еліміздегі білім беру жүйесінде осы күнге дейін сақталып келген медициналық және дефектологиялық модельден түбегейлі ерекшеленеді.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 412, № 6
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP