Central AsianResearch Index

Әлемдік құс еті нарығы: қазіргі даму тенденциясы және Қазақстанның экспорттық әлеуеті

Зерттеу пәні - Қазақстанның әлемдік құс еті нарығына қатысу процесі. Зерттеу салыстырмалы талдауды, жалпылауды, жүйелеуді, эмпирикалық және логикалық зерттеу әдістерін қамтитын жалпы ғылыми зерттеу әдістеріне негізделген құс еті нарығын талдаудың кешенді тәсілін қамтиды. Ретроспективті талдау негізінде автор жетекші экспорттаушы елдердің экспорттық бейінін нақтылады. Негізгі әлемдік импорттаушылар мен нарықтағы үлесі анықталды. Зерттеу 2018-2022 аралығындағы деректер негізінде жүргізілді, 2023-2032 жылдарға арналған кейбір болжам деректері алынды. Зерттеудің мақсаты халықты ұтымды тұтыну нормалары шегінде отандық өндірілген құс етімен қамтамасыз ету мақсатында импортты алмастыру және экспорттық әлеуетті күшейту жағдайында құс еті нарығын дамыту бойынша практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады. Авторлар қазақстандық ауыл шаруашылығы компанияларының өндірістік мүмкіндіктеріне баға берді. Халықаралық нарықта қазақстандық құс етінің экспортының өсуіне кедергі келтіретін негізгі проблемалар жүйеленген. Тәуекелдерді одан әрі әртараптандыру үшін өнімді жеткізу географиясын кеңейту бойынша ұсыныстар берілген. Отандық өндірістің экспорттық әлеуетін дамытудың перспективалық бағыттары ұсынылған, оларды өнімді экспорттаушылар мен мемлекеттік органдар іс жүзінде пайдалана алады.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 411, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP