ӘБДІЛДА ТӘЖІБАЕВТЫҢ ЭПИСТОЛЯРЛЫҚ МҰРАСЫН ОҚЫТУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
Білім мен тәжірибені жеткізу тәсілдерінің бірі – эпистолография – ертеден дамып, қалыптасып келе жатқан хат жазу туралы ғылым. Хаттар арқылы біз адамдардың өмірлік тәжірибесі мен ойлары, тұжырымдары мен идеялары туралы біле аламыз. Қазақстанның көрнекті эпистологтарының бірі – жазушы, публицист, әдебиеттанушы, көптеген хаттар мен мақалалардың авторы Әбділда Тәжібаевтың эпистолярлық мұрасымен танысу зерттеудің маңыздылығын көрсетеді. Сонымен қатар, жазушының еңбектері зерттеу нысаны бола отырып, қазақ эпистолографиясын оқыту әдістемесінің үлгісі ретінде алғаш рет қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – Әбділда Тәжібаевтың эпистолярлық мұрасын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін зерттеп, оны оқытудың маңыздылығын тәжірибеде дәлелдеу. Зерттеу нәтижесінде Әбділда Тәжібаевтың эпистолярлық мұрасын қазақ әдебиетін оқытуда ақпарат көзі ретінде оқытудың тиімді әдістері мен эпистолярлық мәтіндерді талдау және түсіндірудің кезеңдері қарастырылды. Зерттеудің жаңалығы – Әбділда Тәжібаевтың эпистолярлық мұрасы Қазақстанның мәдениеті мен тарихы туралы құнды ақпарат көзі ретінде қарастырылып, жоғары әдеби стиль үлгісі ретінде ұсынылды. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерін қазақ әдебиеті сабақтарында эпистолярлық шығармаларды оқыту әдістемесінде қолдану мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, зерттеудің тұжырымдарын қазақ эпистолярлық мұрасын зерттеудің негізгі мәселелері мен перспективаларын жетілдіруде және бағалауда қолдануға болады.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 411, № 5
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP