Central AsianResearch Index

ДУАЛДЫ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КАДРЛАРДЫ ДАЯРЛАУ

Қазіргі заманғы білім беру контекстінде дуалды оқыту педагог мамандарын даярлауда маңызды рөл атқарады. Бұл мақала әлеуметтік және экономикалық ортаның жылдам өзгеруіне білім беру жүйесінің бейімделупроцесін талдауға арналған, дуалды білім берудің мұғалімдерді даярлаудағы маңызына ерекше назар аударады. Дуалды көзқарасқа тән негізгі принциптермен әдістерді интеграциялау және тиімді пайдалануға арналған, оның қолданылуының қажеттілігі мен білім беру ғылымы мен тәжірибесіндегі үлесін атап өтеді. Білім беру стандарттарын жаңарту жаңа технологияларды енгізуді талап етті және жоғарғы оқу орындары, студенттер және мектептер арасында, оқу процесінде студенттер өз кәсіби қызметін бастайтын, байланыстарды нығайтуға ықпал етті. Мақала мұғалімдерді даярлау контекстінде дуалды білім берудің теориялық негіздерін зерттейді және Қазақстан Республикасындағы жағдайды талдайды, педагогика саласында дамығысы келетін мұғалімдер мен студенттер үшін қызығушылық тудырады. Сондай-ақ, педагог мамандарды даярлаудың маңызды аспектілері, оның ішінде практикалық оқыту, өндірістік процеспен тығыз байланыста оқыту және білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер толық қарастырылады. Қорытындылай келе, мақала мұғалімдер білімінің сапасына дуалды оқытудың әсерін және оның тиімділігін бағалайды.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 411, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP