Central AsianResearch Index

БІЛІМ БЕРУДІ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІНЕН ОҚУ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ

Мақала «Элементар математика» пәнінің мысалында білім беруді цифрландыру жағдайында болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауға дайындаудың әдістемелік мәселелерін талдауға арналған. Білім беруді цифрландырудың заманауи тенденциялары және олардың орта мектепте математиканы оқыту процесіне әсері анықталды. «Элементар математика» пәні басқа математикалық және әдістемелік пәндерді оқыту үшін негіз болып табылатындықтан, оны оқыту болашақ математика мұғалімдерінің одан әрі дамуына әсер ететіні сөзсіз. Бұл мақала жазылып жатқан диссертациялық зерттеу жұмысының мақсат міндеттеріне сай жазылған. Зерттеу жұмысымның мақсаты білім саласын цифрландыру жағдайында болашақ математика пәні мұғалімдеріне оқушыларды бағалауға даярлаудың негізгі компоненттері және критерийлерімен таныстыра отырып, тиімді бағалаудың цифрлік әдістеріне талдау жасау, болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың білім жетістігін бағалауға даярлауды ұйымдастыру жолдарын айқындау. «Элементар математика» курсы негізінде оқушылардың оқу жетістігін бағалаудың жолдарын қарастыра отырып, болашақ математика мұғалімдеріне меңгерту әдістемесін дайындап, болашақ математика мұғалімдеріне оқушылардың оқу жетістігін бағалау қабілетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасалады. Мақалада «Элементар математиканы» зерттеу контекстінде сандық бағалау әдістерінің ерекшеліктері мен артықшылықтары сипатталған. Болашақ математика мұғалімдеріне оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда цифрлік технологияларды сәтті пайдалану үшін қажетті негізгі құзыреттер айқындалды. «Элементар математика» пәнін оқыту мысалында дайындалған әдістемелік ұсыныстардың тиімділігіне баға берілді. Нәтижесінде болашақ математика мұғалімдерін оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау процесінде цифрлік құралдарды тиімді қолдануға дайындауға арналған ұсыныстар берілген.

Сведения

Опубликовано
2024 · Т. 411, № 5
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP