ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРТУ БАРЫСЫНДА КРЕАТИВТІ ОЙЛАУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ: тілді оқытуда креативті ойлау дағдысын қалыптастыру
Мақалада шет тілді аудиторияда (орта деңгей) қазақ тілін меңгерту барысында қазақ тілін креативті ойлауды дамыту арқылы меңгерту жолдары қарастырылған. Тілді жетік меңгеру үшін тек сөздерді және сөздердің мағынасын меңгерту жеткіліксіз болғандықтан, білім алушылар сыни және креативті ойлау дағдыларын да қосымша дамытып, тілдік қабілеттерін жетілдіруі қажет. Тілдік ерекшеліктерді сауатты қолданып, білім алушы ойын еркін, әрі нақты жеткізу шеберлігін меңгеру аса маңызды. Әлемдік білім беру жүйесінде қоғам дамуының қарқындылығы, ақпараттар ағымының жеделдігі, мәдениетаралық қатынастың кеңеюі, жаһандану үдерісінің дамуы, адам капиталы мәнінің артуына сәйкес дәстүрлі емес білім беруге аса мән берілуде. Қабілетті, интеллектуалды, ерекше ойлайтын, тиімді шешім қабылдай алатын, ақпараттарды қажеттілігіне қарай өңдеп, өмірде қолдана алатын жеке тұлға қалыптастыру – Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде де басты мәселелердің бірі. Осыған сәйкес мақалада білім алушының ерекше ойлау қабілетін арттыратын креативті ойлау дағдысын қазақ тілін меңгерту арқылы дамыту жолдары анықталды. Креативті ойлауды анықтау үшін конвергентті ойлаудан күрделі түрі дивергентті ойлаудың ерекшеліктерін ескеріп, бір мәселенің бірнеше шешімін табуға жетелейтін тапсырмалар жиынтығы құрастырылды. Мұндай тапсырмалар студенттердің тек шешім қабылдауға ғана емес, сондай-ақ шығармашыл көзқараспен қарап, жаңаша идеяларын, бір-біріне ұқсамайтын ерекше ойларын ұсынуға жол ашты. Қазақ тілін креативті ойлауды дамыта оқыту білім алушыларды тілді жан-жақты меңгеруімен қатар, ойларын терең пайымдап, пікір-көзқарастарын қиял еркіне сүйеніп, түрлендіре алатын деңгейіне жеткізді.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 411, № 5
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP