ЛОГОПЕДИЯ ЖӘНЕ НЕЙРОПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Мақалада сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларды логопедиялық тұрғыдан түзету жұмыстарындағы логопед маманның нейропсихологиялық білім деңгейінің қаншалықты қажет екендігі аталады. Тіл адам дамуының негізгі көрсеткіші, ал даму есте сақтау, зейін, ойлау, ақыл-ой қабілетінің дамуымен байланысты. Адам ағзасының түрлі бөліктері, оның ішінде мидың дамудағы алатын орны ерекше. Орталық жүйке жүйесінің зақымдалуынан кейінгі тіл бұзылыстарының неврологиясы, қозғалыс пен когнитивті қабілеттерге қалай қатысы бар екенін анықтау, сөйлеу тілінде бұзылысы бар балалармен жұмыс жүргізуде баланың оқу, ортаға бейімделу, қарым-қатынасқа түсу, мінез-құлқындағы қиындықтарды анықтау үшін, баланың психикалық функцияларының жұмыс істеу деңгейін, сондай-ақ белгілі бір бұзылыстардың болуын анықтайтын нейропсихологиялық тұжырымдарды логопед те білуі керек. сөйлеу негізгі жоғары психикалық функция болғандықтан нейропсихологиялық түзету жұмыстары түзету жұмыстарына негізгі қосымша толықтыру ретінде құнды. Себебі бала тәрбие мен оқудағы жасына сай талаптарды орындауға қиналатын болса, ол оның нейропсихологиялық ерекшелігіне байланысты болады яғни, үйлесімді ақыл-ой белсенділігі үшін қажет мидың екі жарты шарының арасындағы байланысты нығайтуға, қозғалыс мидың энергетикалық қоректенуіне, ақыл-ой қабілетінің жоғарылауына және барлық психикалық процестердің жеделдеуіне ықпал етуде қажетті нейропсихологиялық түзету жұмыстары баланың өзін-өзі басқаруға, оның ми аймақтары жоспарлауға, бағдарламалауға және басқаруға жауап беру дағдыларын игеруге әсер етеді. Арнайы сыныптардағы балалардың ерекшеліктеріне орай қолданылатын осы әдістер негізінде анықталған мәселелер логопед маманның білімі мен тәжірибесін нейропсихологиялық тұрғыдан толықтыруды қажет ететіні байқалды. Мақалада логопедия мен нейропсихологияның бірлескен жұмысын атқаратын мамандарға қажетті құзыреттіліктерге тоқталдық.
Сведения
- Опубликовано
- 2024 · Т. 411, № 5
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP