Central AsianResearch Index

КАТИОНИТ КУ-2-8 ЖӘНЕ АНИОНИТ П4ВП ИНТЕРПОЛИМЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ЭЛЕКТРОХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ КОНФОРМАЦИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

КУ-2-8:П4ВП интерполимерлік жүйесінің қашықтықтан өзара әрекеттесуі нәтижесінде электрохимиялық және конформациялық қасиеттерінің өзгерістері зерттелді. Бұл жұмыста КУ-2-8 (катион алмастырғыш) және П4ВП (анион алмастырғыш) тұратын интерполимерлі жүйелер зерттеу обьектісі ретінде таңдап алынды. Зерттелетін полимерлердің қашықтықтан өзара әрекеттесуі нәтижесінде олардың өзара активтенуі электрохимиялық және конформациялық қасиеттерінің айтарлықтай өзгеруіне әкелетіні анықталды. Тәжірбие барысында КУ-2-8:П4ВП полимерлерінің 5:1 қатынасында меншікті электрөткізгіштік көрсеткіштері ең төменгі мәнге ие болды, өйткені протондардың бірігу процесі, карбоксил топтардың диссоциация процесіне қарағанда басым болды. Әр түрлі уақыт аралықтарында (1, 2.5, 6 және 24 сағат) КУ-2-8:П4ВП интерполимерлік жүйесінің рН шамасы үлкен өзгерістерді көрсетті. 5:1 қатынасында сутектік көрсеткіш 2.5 сағатта біршама жоғарылап, қайта төмендеген, мұнда рН жалпы тенденциядан ауытқу байқалады, ал ісіну коэффицентінде полимер бөлшектерінің өлшемдері сулы ортада қозғала алмай аса қатты өзгеріске ұшырамағаны байқалады. Бұл тәжірбиенің басында күрделірек химиялық процестің болуы мүмкін екенін көрсетеді. Интерполимерлі жүйелердің 4:2 қатынасында ең жоғарғы электроөткізгіштік мәндері анықталды. Қашықтықтан өзара әрекеттесу нәтижесінде 4:2 қатынасында сулы ортадағы электрөткізгіштік мәні 6 сағат ішінде 5.5 мкСм/См ең жоғарғы нүктесіне көтерілген. Ортаның рН көрсеткіші осы қатынаста бастапқы деңгеймен салыстырғанда бір тәуліктен кейін 4.8-ге дейін төмендеді, бұл өзгеріс молекула аралық байланыстар таралуымен түсіндіріледі. Сулы ортада негізгі анионит П4ВП болғанда 4:2 қатынасында 6 сағаттан кейін ісіну дәрежесі 5.45 максимум мәніне жетті. 3:3 және 1:5 қатынастарында электрөткізгіштік мәнінде ешқандай өзгеріс аймақтары байқалмады. Алынған зерттеулердің көрсеткіштеріне сүйенсек, полимерлердің барлық мольдік қатынастарында меншікті электрөткізгіштіктің, рН ортасының және ісіну коэффицентінің біршама өзгерістері байқалған. Зерттеу нәтижесінде интерполимерлі жүйедегі полимерлердің жұптары мен күйін өзгерту, меншікті электрөткізгіштікке әсер ететіндігі анықталды. Бұл мәліметтер буынаралық тізбек бойындағы ионданған және диссоциацияланған топтардың ара қатынасының қалыпты өзгеретінін көрсетті.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2024 · № 4
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP