Central AsianResearch Index

ҰЙЫТҚЫ ҚОСЫЛҒАН НАННЫҢ ФИЗИКА-ХИМИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІ

Нан пісіру саласын дамытудың басым бағыты шикізатты ұтымды пайдаланатын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ өнімнің тағамдық және биологиялық құндылығын арттыратын технологияларды қолдану болып табылады. Нан күнделікті тұтынатын өнім болып табылады, сондықтан функционалды нан өнімдерінің ассортиментін жасап, олардың өндірісін ұлғайту маңызды. Бұл бағыт сүтқышқылды бактериялардың штаммдарынан тұратын ұйытқы негізіндегі нан дайындау технологиясын қамтиды. Нан пісіруде әртүрлі құрамдағы ұйытқы дақылдарын кеңінен қолдану өндірушілердің нан дайындау рецептінде ашытқыларды пайдалануды азайтуға ұмтылуымен байланысты. Нанның сапасы мен қауіпсіздігін арттыру нан пісіру саласындағы зерттеулердің негізгі бағыты болып табылады. Бұл мақалада функционалды өнім қасиетіне ие нан өндіру технологиясын жасау мақсатында нан үлгілерінің физика-химиялық сапа көрсеткіштері мен қауіпсіздігіне талдаулар жүргізілді. Нанның сапалық сипаттамалары сүтқышқылды бактериялардың штаммдарынан тұратын ұйытқы қосылғанда айтарлықтай жақсарады. Ұйытқы қосу нанның қышқылдығына өзгерістер туғызды, ұйытқы қосылғанда қышқылдылық 0,3 градусқа жоғарылады. Ұйытқы қосылып дайындалған нан ашытқыға қарағанда жоғары қышқылдыққа ие болады, бұл өз кезегінде өнімнің сапасына оң әсер етеді. Осы қасиетінің арқасында ұйытқы қосылған нан балғындығын, дәмін және хош иісін ұзағырақ сақтай алады. Барлық үлгілердегі кеуектілік қалыпты шектерде болды, нанның кеуектілік көрсеткіші 69-71,2% аралығында болады. Ылғалдылықта айтарлықтай айырмашылық болмады. Жүргізілген зерттеулер мен алынған мәліметтер негізіне сүйене отырып сүтқышқылды бактериялардың штаммдарынан тұратын ұйытқы қосу нан үлгілеріне физика-химиялық сапа көрсеткіштеріне оң әсер етеді деп қорытындылауға болады. Зерттелетін нан үлгілеріндегі ауыр металдардың концентрациясы мен радионуклидтер шекті рұқсат етілген концентрациядан аспады.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2024 · № 4
Язык
Казахский
Цитирований
1
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP