REPORTS, 2024, № 4
Rubus hybrid өсімдігінің жер үсті бөлігінің құрамынан амин және май қышқылдарын зерттеу
Аннотация · Abstract
Қазіргі уақытта дәрілік өсімдіктердің химиялық құрамын тереңдетіп зерттеу қарқынды бастау алды. Негізгі назар екіншілік алмасу заттарына (фенолды қосылыстар, тритерпеноидтар, алкалоидтар және т.б.) беріледі. Бірақ сонымен бірге біріншілік метаболизмдік қосылыстар адам мен жануарлар ағзаларының физиологиялық қажеттіліктерін қалыпты қамтамасыз етуге де қатысады. Олардың мысалы ретінде организмде синтезделмейтін алмастырылмайтын амин қышқылдарын келтіруге болады. Оларға көмірсулар, липидтер және нуклеин қышқылдарымен бірге белоктардың құрамдас бөлігі ретінде барлық тіршілік процестеріне қатысады. Аминқышқылдары орталық жүйке жүйесінің қозуын азайту және жүрек айналымын жақсарту үшін асқазан-ішек жолдарының, бауырдың ауруларын емдеуге арналған препараттардың құрамына кіреді [1]. Бұл мақалада Алматы өңірінен жиналған Rubus hybrid өсімдігінің жер үсті бөлігінің химиялық құрамын, атап айтқанда амин және май қышқылы құрамы зерттелді. Өсімдік түрінен газ-сұйық хроматография əдісімен 20 аминқышқылының сандық құрамы анықталды, оның 8-і ағзадағы маңызды амин қышқылдарына жатады. Сонымен қатар өсімдіктің жер үсті бөлігіндегі май қышқылдарының 8 түрін газ-сұйық хроматография əдісімен анықталды. Сандық зерттеу арқылы Rubus hybrid өсімдігінің жер үсті бөлігінде олеин, линол және пальмитин қышқылының (C18:1, C18:2 және C16:0) салыстырмалы түрде жоғары құрамы анықталды.
Сведения · Details
- DOI 10.32014/2023.2518-1483.313
- Журнал · Journal REPORTS
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0