МЫРЫШ-ФОСФАТТЫ ЦЕМЕНТІ АГРЕССИВТІ ОРТАНЫҢ ӘСЕРІНЕН ХИМИЯЛЫҚ ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ
Ғылыми мақалада синтезделген мырыш-фосфатты цементті агрессивті ортаның әсерінен химиялық төзімділігін зерттеу бойынша нәтижелер келтірілген. 1000 °С температурада 4 сағат күйдіріліп алынған мырыш-фосфатты цементтің құрамы: ZnO - 83,0 %, MgO - 9,0 %, SiO2 - 3,5 %, Bi2O3 - 3,0 %, фосфор шлагы - 1,5 % тұрады. МФЦті шарлы диірменде ұнтақтаудан кейінгі үлестік беті 3345 см2/г тең болды. Үлгілерді формаға қалыптау үшін дайындалған қоспада цемент/ерітінді қатынасы Ц/Е=0,3 алынды. Ұстасу мерзімінің басталуы 6 мин, ал аяқталуы 9 мин құрады. Мырыш-фосфатты цемент үлгілерді агрессивті ортаның әсерінен химиялық төзімділігін анықтау үшін беріктік шегі тексерілді. Нәтижесінде 10 % сүт қышқылында – 98,8 МПа, 5 % NaCl ерітіндісінде – 100,1 МПа және газдалған суда – 104,4 МПа болды. Рентгенофазалық талдау нәтижесінде мырыш-фосфатты цемент құрамында цинцит (ZnO) минералы - 52,3 %, периклаз (MgO) минералы - 32,9 % және кварц (SiO2) минералы - 14,8 % мөлшерінде анықталды. Электронды микроскопиялық талдау нәтижесінде мырыш-фосфатты цемент құрамында: ZnО – 87,06 %, CaО – 0,57 %, SiО2 – 4,36 %, Al2О3 – 0,64 %, MgО – 7,37 % анықталды. Осылайша, мырыш-фосфатты цемент беріктігіне агрессивті орта 10 % сүт қышқылы – 8,0 %, 5 % NaCl – 6,8 % және газдалған су – 2,8 % төмендетті. Сондай-ақ, мырыш-фосфатты цементтің минералогиялық құрамында, оның суды сіңіруі, шөгу процесінде өзгерістердің болмағандығын көрсетті. Микроқұрылымдық талдау нәтижесінде мырыш-фосфатты цемент құрамында аморфты фаза анықталды. Фаза ортофосфор қышқылымен реакцияға түспеген аморфты фосфат матрицасындағы мырыш оксидінің (ZnO) артық бөлшектерінен тұрады. МФЦ микроқұрылымды кристалдардың кең кеуектілігі анықталды, кеуектілік өлшемі 1-5 мкм құрады. Бұл зерттеуді Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым коминеті қаржыландырды (грант №АР22683868 – Қазақстанның стоматологиялық қажеттіліктері үшін мырыш-фосфатты композициялық цементтің құрамын зерттеу және әзірлеу»).
Сведения
- Журнал
- REPORTS
- Опубликовано
- 2024 · № 4
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5227 · 2518-1483
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP