Central AsianResearch Index

ТҮРЛЕНДІРІЛГЕН МИНЕРАЛДЫ ТОЛТЫРҒЫШТАР ҚОСЫЛҒАН ЭПОКСИДТІК КОМПОЗИТТІК МАТЕРИАЛДАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ

Дисперсті толтырғыштарды (базальт және хромит) модификациялау индукциялық қондырғыда 2 кВт қуатпен және 60 сек өңдеу уақытымен жүзеге асырылды, бұл жоғары жиілікті токтардың толтырғыштарға қысқа мерзімді жоғары температуралық әсерін қамтамасыз етеді және нәтижесінде олардың негізінде толтырылған эпоксидті композиттердің өнімділігін жақсартуға септігін тигізеді. Байланыспаған ылғалды, базальт және хромит бөлшектері бетінің оксидті қабатын және модификация температурасына дейін ыдырайтын заттардың оксидтерін жоюмен байланысты толтырғыштардың химиялық құрамының өзгеруі анықталды. Электрондық микроскопия деректері бойынша, базальт бөлшектері жоғары жиілікті токтармен әсер еткеннен кейін инелі пішінге ие болатыны анықталды, бұл олардың физикалық-механикалық қасиеттеріне оң әсер етеді, себебі мұндай толтырғыш микроармирлеу әсеріне ие. Хромит бөлшектері жоғары жиілікті токтармен өңделгеннен кейін құрылымын іс жүзінде өзгертпейді. Минералды толтырғыштардың жоғары жиілікті токтармен өңдеуге дейінгі және кейінгі диэлектрлік сипаттамаларын зерттеу базальт пен хромиттің диэлектрлік өтімділігінің айтарлықтай артқанын көрсетті, бұл олардың құрылымының өзгергенін білдіреді және беріктік қасиеттерінің 7-17% артуына әкеледі.

Сведения

Журнал
REPORTS
Опубликовано
2024 · № 4
Язык
Казахский
ISSN
2224-5227 · 2518-1483
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP