АУЫР МҰНАЙДЫҢ ҚАЛДЫҚТАРЫНАН КОКС АЛУ ӘДІСТЕРІНЕ ШОЛУ
Құрамында жоғары металл, шайырлы-асфальтен компоненттері мен гетероқосылыстарының мөлшері көп мұнай өндіру және оны өңдеу көлемі жыл артқан сайын өсуде. Мұнайды вакуумдық немесе терең вакуумдық айдаудан түзілетін ауыр қалдықтарды қайта өңдеу өзекті мәселелердің бірі. Мұнайды қайта өңдеуді жетілдірудің әдісі - өте ауыр және сапасы нашар қалдықтарды қайта өңдеу болып табылады. Осы уақытқа дейін терең және ағынсыз қайта өңдеуге арналған технологиялар мұнай мен мұнай қалдықтарында тек металдардың ғана емес, катализаторлардың улануына әсер ететін күкірт мөлшерлерінің жоғары болуымен сипатталды. Құрамында 1,5 мас.% - дан кем күкіртті кокс ең құнды болып табылады. Мұнай коксын өндіруші мұнай өңдеу зауыттары құрамында күкірті көп коксты төмен бағамен нарыққа шығарады. Бұл құрамында 2% - дан көп күкірті бар кокстың электродтық болуына және алюминий саласы үшін жарамсыз болуына байланысты. Құрамында күкірт көп коксты отын ретінде жағу экологияға зиян келтіреді. Осыған байланысты құрамында металл мен күкірті бар қосылыстарды алып тастау арқылы ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің жаңа технологияларын жасау мұнай өнеркәсібінің өзекті ғылыми мәселесі болып табылады. Қазақстан Республикасында күкірт пен металдың мөлшері бір пайыздан аспайтын мұнай коксы өндірілмейді. Ал, инеқұрылымды кокске қажеттілік жыл сайын артып келеді. Қазіргі таңда химия және мұнай-химия кешенін дамытудың стратегиялық мақсаттарының бірі мұнай өңдеу тереңдігін арттыру арқылы экспорттық-шикізаттық даму моделінен инновациялық-инвестициялық модельге көшу болып табылады. Мұнайды қайта өңдеу тереңдігін арттыруды қайта өңдеу процестерінің, атап айтқанда, ауыр мұнай қалдықтарын өңдеудің қуаттылығын арттыру арқылы қол жеткізуге болады.
Сведения
- Журнал
- REPORTS
- Опубликовано
- 2023 · Т. 347, № 3, С. 191-209
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5227 · 2518-1483
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP