ҚҰРАМЫ БАЙЫТЫЛҒАН НАННЫҢ ЖАҢА ТҮРІН ӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖАСАУ
Мақалада қарақұмық ұнымен байытылған нан өнімдерінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Авторлармен қарақұмық ұнымен байытылғаннан өнімінің жаңа технологиясы ұсынылған. Көрсетілгендей, бұл жаңа нан өнімінде кең минералды құрам бар. Мақала тағамдық құндылығы жоғарынан өнімдерін әзірлеу бойынша зерттеулерге арналған. Зерттеудің мақсаты отандық байытқыштарды қолдана отырып, ассортиментті кеңейту үшін шағынкәсіпорындарға ұсынылуы мүмкін, қарақұмық ұнын қосып, жеделдетілген технология бойынша нан өнімдерін әзірлеу болды. Дайын бұйымдардыңорганолептикалық және физика-химиялық қасиеттерін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді, бұйымдардың тағамдық құндылығы мен химиялық құрамы анықталды. Ең жақсы тұтынушылық қасиеттерді сақтау және адамның күнделікті қоректік заттарға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін қарақұмық ұнының ең жақсы мөлшері белгіленді. Осылайша, нан өнімдерініңрецептурасына профилактикалық тамақ өнімдерін жасау мақсатында табиғи қоспаларды енгізу нан пісіру өнеркәсібін дамытудың өзекті бағыты болыптабылады. Зерттеу әдістемесін қолдана отырып, нан сынамаларының физика-химиялық көрсеткіштері анықталды. Зерттеу әдістерінің қорытындысыбойынша таңдау үлгісі, яғни жалпы бидай ұнының көлемінен 15 % қарақұмық ұны қосылған нан өнімі қарастырылды. Сондай-ақ өсімдік қоспаларыменбайытылған нан өнімінің құрамында минералды заттардың мөлшері артты.
Сведения
- Журнал
- REPORTS
- Опубликовано
- 2023 · Т. 347, № 3, С. 134-145
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 2224-5227 · 2518-1483
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP