ПОЛИМЕРҚҰРАМДЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ БИТУМ ТОТЫҚТЫРУҒА ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ: ШОЛУ
Жолдың асфальтобетон сапасын, қызмет ету мерзімін айқындайтын маңызды көрсеткіштердің бірі - жол битумдарының сапасы болып табылады. Мұнай шикізатын терең өңдеу, жол битумдарын өндіруде оның химиялық құрамы мен құрылымының ерекшеліктерін, алынатын битумның физика-механикалық қасиеттерін зерттеу мұнай өңдеудегі негізгі бағыттар болып табылады. Жол битумының эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту үшін полимерлік қалдықтармен түрлендіру жүргізуге байланысты ғылыми әдебиеттерге шолу жүргізілді. Пластификатор ретінде И-40 маркалы индустриалдық май қолданылудың ерекшелігі қарастырылды. Жол битумының көрсеткіштерін зерттеу талданды: пенетрациясы, созылғыштығы (дуктильдігі), сынғыштық температурасы және жұмсарту температурасы. Түрлендірілген битумның физикалық-механикалық қасиеттерінің маңыздылығы талқыланды: иненің ену тереңдігі қысқарады, созылғыштығы азаяды, жұмсару температурасы артады. Полимерлердің битум құрылымына және олардың композиттерге әсер ету эффектісін зерттеу жұмысына шолу жасалды. Қазақстан Республикасындағы полимерлік қалдықтар талданды. Екіншілік полимерлік шикізат қорын қайта өңдеуге мүмкіндік беретін екіншілік полиэтиленді модификатор ретінде қолдану тиімділігі, полимер-битум тұтқырғыш қасиеттері мен экология мәселелерінің әсері қарастырылды. 2012 жылы Еуропада пластикалық қалдықтардың көлемі шамамен 25 млн тоннаны құраған. Еуропалық статистика бойынша пластик қалдықтарының шамамен 38% полигондарға жіберіледі, оның 26% қалпына келтіріледі, ал 36%-ы баламалы энергия көздерін алу үшін қайта өңделеді. Бұл пластикалық қалдықтардың ең көп мөлшері әлі де полигондарға жіберілетінін көрсетеді, бұл оларды сақтауға арналған бос орынның болмауының салдары. Пластмассаның биологиялық ыдырауы миллиардтаған жылдарға созылуы мүмкін. Полигондарда пластмасса өнімдерінің үздіксіз жиналуы күрделі экологиялық проблемаларға әкелуі мүмкін. Пластикалық қалдықтарды жою дұрыс жүзеге асырылмаса, қоршаған ортаға және адам денсаулығына көптеген себептерге байланысты кері әсерін тигізеді: полимерлер өрт қауіптілік қасиеттері жоғары, басқаша айтқанда, жанған кезде оларды сөндіру қиындық туғызады және улы заттар шығарады; күйген полимерлі материалдардан улы заттар атмосфераға, литосфераға және гидросфераға тарайды. Осыған байланысты көптеген елдер пайдаланылған полимерлерді қоқысқа лақтырмай, оларды қайта өңдеуге кірісті. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау және энергия көздерінің қосымша түрлерін өндірумен байланысты мәселелерді шешетін пластик қалдықтарын қайта өңдеудің жаңа және тиімді әдістерін әзірлеу қажет. Біздің ғылыми зерттеу жұмыстарымыз полимерқұрамды тұрмыстық қалдықтардың битумды тотықтыруға әсерін зерттеуге арналады.
Сведения
- Журнал
- REPORTS
- Опубликовано
- 2023 · Т. 347, № 3, С. 119-133
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 2224-5227 · 2518-1483
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP