«СЫРЫМ ДАТҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІС» ТАҚЫРЫБЫН ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНДЕ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мақала Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілісінҚазақстан тарихы пәнінде оқытуға арналған. Қазақ-жоңғар қатынастарының салдары Кіші және Орта жүз қазақтарының Ресей протекторатын қабылдауынасебепкер болды. Ресей империясы құрамына кіру бұл өңірлерде бейбітшілік әкелумен қатар отарлық қыспақты сезінуге де әсер етті. Патша әкімшілігініңБатыс Қазақстан өңірінде жүргізген саясаты, Кіші Жүз қазақтарының Еділ мен Жайық өзендері аралығын кері қайтарып алу мақсатында жүргізген күресі Сырым Датұлы бастаған көтеріліске әкеліп соқты. Ұсынылып отырған мақаланың мақсаты – орта және жоғары оқу орындарындағы «Қазақстан тарихы» пәні сабақтарында «Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс»тақырыбын жүйелі түрде түсіндіру болып табылады. Сонымен қатар қарастырылып отырған мәселенің Кеңестік дәуір мен қазіргі Қазақстанда зерттелуі талданады. Мақаланы жазуда тарихи салыстырмалы, талдау, жүйелеу әдістері қолданылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 406, № 6, С. 242-253
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP