Central AsianResearch Index

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ КӨП ТІЛДІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ CLIL ТЕХНОЛОГИЯСЫНА КӨЗҚАРАСТАРЫ

Бұл мақалада болашақ бастауыш білім беру бағдарламасының білімгерлері, яғни болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жаратылыстану пәндерін көптілді оқытуда CLIL технологиясын қолдану және тілді меңгеру барысында оқушылардың тілдік қабілеттерін дамыту туралы пікірлеріне назар аударылады. Content and Language Integrated Learning (CLIL) тілді меңгеруді пән мазмұнымен үйлестіретін, сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыта отырып, көптілділікті насихаттайтын тиімді педагогикалық әдіс ретінде пайда болды. Бұл мақала болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін CLIL технологиясын қолдана отырып, жаратылыстану ғылыми бағытындағы пәндерді үш тілде оқытуға даярлаудың маңыздылығын қарастырады. Зерттеуде сапалық зерттеу әдісі қолданылды. Деректерді жинау үшін зерттеушілер дайындаған жартылай құрылымдық сұхбат формасы пайдаланылды. Зерттеуге 2021-2022 оқу жылында Қазақстанның әртүрлі жоғары оқу орындарында, болашақ бастауыш сынып мұғалімдері мамандығымен, көптілді топтарда оқитын 160 білімгерлер қатысты. Зерттеу нәтижесінде болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің CLIL технологиясын қолдана отырып, жаратылыстану ғылыми бағытындағы пәндерді үш тілде оқытуға дайындығы жеткіліксіз екені анықталды. Зерттеу нәтижелері болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің CLIL технологиясымен үштілді білім беру саласында құзыреттілікке ие болуы үшін жоғары оқу орындарының оқу бағдарламаларын қайта құру қажеттілігін көрсетті.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 406, № 6, С. 229-241
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP