ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУ ТАРИХЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР МӘСЕЛЕР (Батыс зерттеушілерінің еңбектері бойынша)
Орталық Азия территориясы ежелден Батыс пен Шығыстың түйіскен жерінде, Ұлы Жібек жолының ең белсенді бөлігінің орталығында орналасты. Осындай геосаяси орналасу маңызды фактор болып, дәл осы аумақта көптеген әлемдік діндердің идеологиялық негіздері бәсекеге түсіп, соңында дәл осы ислам діні жеңіске жетті. Бұл өлкеге 8 ғасырда келген ислам екі кезеңнен өтті - экспансия кезеңі (VII-XVIII ғ.ғ. ) және күшею кезеңі (XVIII-XXI ғ.ғ.). Мақалада қазіргі заманғы отандық және шетелдік зерттеулердегі (1991-2021) ислам дискурсын кешенді түрде, пәнаралық әдістерді пайдалана отырып талдайды. Зерттеуде Орталық Азия жеріне исламның келуі және орнығу кезеңдері мәселесі Батыс зерттеушілерінің еңбектері талданды. Мақалада келтірілген мәліметтерді тарихнама, тарих және исламтану сабақтарында пайдалануға болады. Өйткені, мақала авторының тұжырымдары қазақтардың дәстүрлі дүниетанымын, тарихын және этнографиясын одан әрі зерттеуде қолданыс табады. Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуге шетел тарихшылары үлкен үлес қосты. Шетелдік тарихнаманың арнайы зерттелуі, оның ұйымдастырушылық негіздері, деректік базасы, зерттеу әдістемесі ғылым үшін де, тәжірибе үшін де үлкен қызығушылық тудырады.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 406, № 6, С. 196-211
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP