МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭТНОБОТАНИКАЛЫҚ БІЛІМДІ СЫНЫПТАН ТЫС ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ҒЫЛЫМИ ТАНЫМДЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Қазіргі заманда ғылымның маңыздылығы туралы ақпаратты жете түсіне білу кез келген мектеп оқушының қолынан келе бермейді. Осы себепті, мектеп оқушыларына этноботаниканы сыныптан тыс оқыту арқылы ғылыми білімдерін үнемі дамытып, алған білімдерін практикалық іс-әрекетте қолдана білуге үйрету өзекті мәселе. Бұл мақалада мектеп оқушыларына биологиялық білім беру үдрісінде сыныптан тыс жұмыс жүргізе отырып, энтоботаникалық танымын қалыптастыру жолдары қарастырылған. Ғылыми зерттеу барысында мектеп оқушыларына сыныптан тыс жұмыстар кезеңінде этноботаника тақырыбы аясында танымжорық арқылы білімдерін кеңейтіп, есте сақтау қабілеттері, байқағыштығы дамытуда, табиғатқа қамқорлық жасау сезімдері оятуда баскет-әдісі, жағдаяттық сұрақтарға сыни ойлау әдісі, топтық жұмыстар, гербаризация әдісі, конференциялар және т.б әдістері ғылыми білімді нығайту үшін қолданылды. Ғылыми зерттеулер жүргізу барысында педагогикалық эксперимент ұйымдастырылды. Кіріспе бақылауы алынып,оқушылардың білім деңгейлері анықталынды. Оқушылар баскет әдісі арқылы коммуникативтік дағдылары дамыды, танымдық қабілеті артты, ғылымитанымдылығы қалыптасты және өсімдіктердің адам өмірінде маңызын ұғынды. Қолданылған әдістерінің көмегімен 6 сынып оқушының ішінен 82% жоғары деңгейде, 18% орта деңгейде білім көрсеткішінің нәтижесі анықталды. Нәтижесінде оқушылардың этноботаникалық ғылымына қызығушылығы 20 % артты. Ғылыми зерттеулер нәтижелерінде баскет әдісін болашақта мұғалімдердің оқушыларға биологиялық білім беруде әдістемелік нұсқаулық ретінде теориялық негіз бола алады.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 406, № 6, С. 126-141
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP