ОРТА МЕКТЕПТІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНА ЕНДІРІЛГЕН МӘТІНДЕРДІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ
Мақалада негізгі және жалпы орта мектептерінің қазақ тілі пәні оқулықтарына талдау жасалып, оқулыққа қойылатын талаптар негізделді. Оқулықпен жұмыс жүргізудің артықшылығы мен мәтінге байланысты та,псырмалардың ауызша және жазбаша түрлері ұсынылды. Жаңартылған білім беру жүйесі мазмұнындағы қазақ тілі пәніне пәндер арасындағы байланыс, интеграция функциясын атқарып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қызметін атқару міндеті жүктелгендей. Бұл міндеттің үдесінен шығу оқу бағдарламасы мен оқулықтың дұрыс түзілуіне байланысты. Қоғамдағы сан салалы мәселелер қазақ тілі оқулығында біріктірілген. Оқулыққа ендірілген әр мәтін үлкен талғаммен таңдалып, түрлі критерийлі сүзгіден өтетіндігі белгілі. Кейде осы талғамның кемшін, сүзгінің жұқалау болып қалатындығы ішті қынжылтады. Қазақ тілі пәні оқулықтарына ендірілген лексикалық тақырыптарға берілген мәтіндер негізінде жасалатын жұмыстар оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым дағдыларын дамыту арқылы білім алушылардың бойында адамгершілік қасиеттерді, эстетикалық талғамды, ұлттық дара менталитеттік ерекшелікті, жаңашылдық пен ізденімпаздықты т.т. қалыптастырады. Мақалада қазақ тілі пәні оқулықтарына ендірілген мәтіндердің лексикалық, грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталып, ол мәтіндердің білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мақсаттары талданды. Әр сынып бойынша оқулыққа ендірілген мәтіндермен жұмыс түрлеріне шолу жасалды. Сонымен қатар, грамматикалық тақырыптардан лексикалық тақырыптардың маңыздырақ болу салдарына болжам жасалды. Бұл тұста оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептерде қазақ тілін туған тіл ретінде оқыту принципін ұстану дұрыстығы тұжырымдалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 406, № 6, С. 112-125
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP