Central AsianResearch Index

БИОАЛУАНТҮРЛІКТІ ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕСІН ТҰРАҚТЫ ДАМУ МҮДДЕСІНДЕ ОҚУ ҮДЕРІСІНЕ КІРІКТІРУ

Мақалада биоалуантүрлікті зерттеу нәтижесін тұрақты даму мүддесінде оқу үдерісіне кіріктірудің әдістемелік негіздері туралы мәліметтер қарастырылады. Оқу іс-әрекетін ұйымдастыру кезінде алдымен биолог студенттерді іс-әрекетке ынталандыру үшін жағдай жасау қажет. Ол үшін биолог студенттердің танымдық қызығушылықтарын қалыптастырамыз, олардың мотивациялық қабілеттерін арттырамыз. Болашақ биология мұғалімдерін даярлау үдерісінде биоалуантүрлікті зерттеу нәтижесін тұрақты даму мүддесінде оқу үдерісіне кіріктірудің әдістемелік негіздемесінің кезеңдеріне талдау жасалды. Аталған әдістемелік негіздеменің кезеңдері: оқу үдерісінде жүзеге асыру, оқу үдерісінде жүзеге асыру, нәтижені коррекция жасау кезеңдерінің тиімділігіне сипаттама берілді. Мақаланың мазмұнында биологиялық білім берудің ғылыми-теориялық негіздері мен дамуы және жоғары білім беру салаларындағы тұрақты даму мүдделерінің қазіргі жай-күйі талданады. Осы мәселе бойынша ғылыми еңбектерді талдау негізінде студенттерге жүргізілген сауалнама нәтижелері талданды, тұрақты даму мүддесінде білім беру туралы қорытынды жасалды және білім беру мазмұнын одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар берілді. «Омыртқасыздар зоологиясы» курсының мазмұны омыртқасыз жануарлардың биоалуантүрлілігін зерттеу нәтижесін қосымша мәліметтермен толықтырылды және тұрақты даму мүддесінде оқу үдерісіне кіріктірудің әдістемелік негіздерін ұсыну басты назарымыз ретінде қарастырдық. Осы әдістемелік негіздемені пән мазмұнына кіріктіру барысында белсенді оқыту әдістерді пайдаланылды. Қазіргі білім беру үдерісінде белсенді оқыту әдісін мақсатына байланысты нұсқау беру жəне айту, көрсету жəне моделдеу, түсіндіру жəне сипаттау, зерделеу жəне зерттеу, бекіту жəне қолданысқа енгізу, рефлексия жəне бағамдау, қорытынды шығару жəне есте сақтау кезеңдерне жіктелді. Студенттердің биоалуантүрлілікті зерттеу нәтижесін тұрақты даму мүддесінде оқу үдерісіне кіріктірудің әдістемелік негіздеменің тиiмдiлiгiн тұжыpымдaлды.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 406, № 6, С. 52-62
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP