Central AsianResearch Index

ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАЛАЛЫҚ МАРКЕТИНГ ҚҰРАЛДАРЫ (АСТАНА ЖӘНЕ АЛМАТЫ ҚАЛАЛАРЫ МЫСАЛЫНДА)

Туристік сала елдердің, аймақтардың, қалалардың және жекелеген аймақтардың экономикасында ерекше рөл атқарады. Ол аумақтық бюджеттерді тікелей толықтыру көзіне айналып қана қоймайды, сонымен қатар шағын орта бизнестің дамуына ықпал етеді, жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал етеді, аумақтардың технологиялық және цифрлық түрленуіне әсер етеді. Цифрландыру жағдайында бұл саланың дамуында заманауи маркетингтік құралдарды тиімді пайдалану қала туризмінің дамуына сүбелі үлесін қосады. Зерттеу пәні - туристік қаланың тартымдылығын қалыптастыруда маркетинг құралдарын пайдалану. Зерттеудің негізгі мақсаты – Қазақстанның Астана және Алматы қалаларындағы туризмді дамыту бойынша маркетингтік саясатын жетілдіру жолдарын әзірлеу кезінде оларды одан әрі қолдану үшін шетелдік тәжірибені зерделеу және талдау арқылы дамыту жолдарын ұсыну. Әдістеме. Зерттеу барысында әртүрлі мақсатты топтар (тұрғындар, туристер) үшін қалалардың тартымдылығын басқарудың оң тәжірибесін бағалауға және жүйелеуге мүмкіндік беретін жүйелік-ақпараттық тәсіл мен ситуациялық талдау қолданылды. Бастапқы деректер ҚР Ұлттық статистика материалдары, Kazakh Tourism ұлттық компаниясының, зерттеу консалтингтік компанияларының деректері, мерзімді баспасөз материалдары және интернет-көздер болды. Зерттеу нәтижелері шетелдегі аумақтардың туристік тартымдылығын басқару тұжырымдамасының дамуын сипаттайтын тиімді маркетингтік құралдарды анықтау және Қазақстандағы қалалардың тартымдылығын тиімді басқаруға ықпал ететін маркетингтік шараларды әзірлеу болып табылады.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 405, № 5, С. 471-483
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP