ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРНЫ БІЛІМГЕРЛЕРІНІҢ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ((WHOQOL-BREF) KAZ) КӨРСЕТКІШТЕРІ НЕГІЗІНДЕ ТАЛДАУ
Мақалада бүгінгі таңдағы Қазақстанда күн тәртібінде тұрған әлеуметтік маңызы зор мәселенің бірі – халық денсаулығы туралы баяндалады. Салауатты өмір салты – адам үшін аса маңызды, денсаулықпен тікелей байланысты құнды форма. Қазақстандағы «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында оқитын ЖОО студенттері «бұқаралық спорт», «салауатты өмір сүру салты» туралы хабардарлығы және «Салауатты өмір салты шкаласы», «жеке ақпарат формасы» арқылы өлшенетін мәліметтердің қажеттілігі мен маңыздылығы жөнінде ой қозғалады. Барлық жастағы азаматтардың ерікті түрде спорттық және физикалық жаттығу шараларына қатысуын қамтамасыз ету және осы арқылы қоғамға оң өзгеріс алып келу, оның дамуын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын әртүрлі жобалар, іс-шаралар, фестивальдер, оқу-жаттығулар, спорттық ойындар және т.б. жүйелі және ұжымдық спорт пен физикалық жаттығулардың барлық түрлеріне қатысты көзқарасты сипаттау үшін қолданылатын бұқаралық спорт ұғымы түсіндіріледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KAZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастырудағы алғашқы қадам болатыны айтылады. Зертеу жүргізіліп, ғылыми тұрғыда сараланады. Мақала Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігің «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шкаласы ((WHOQOL-BREF) KAZ) көрсеткіштерін талдау негізінде жоғары оқу орны білімгерлерінің салауатты өмір салтын қалыптастыру» (жеке тіркеу номері: AP19676522) тақырыбындағы гранттық қаржыландыру жобасын жүзеге асыру аясында орындалды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 405, № 5, С. 88-102
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP