МЕКТЕП МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ STEM- БІЛІМ БЕРУ ӘДІСІМЕН ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ
Мақала жаратылыстану бағытындағы мектеп мұғалімдерінің STEM- білім беру әдісімен таныстық және қызығушылық деңгейін зерттеуге арналған. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің негізгі мақсаты қазіргі заманғы технологияларды игерген, дербес ойлануға және шешім қабылдауға қабілетті, нақты өмір мәселесін шешуге икемделген, ХХІ- ғасырға тән дағдыларын меңгерген жастарды дайындау болып табылады. Осы мақсатқа жету үшін ғылым, технология, инженерия және математика ғылымдарын қамтитын STEM (science, technology, engineering, mathematics) -білім беру әдісін мектепке ендіру жолға қойылуда. Қазіргі таңда осы сала бойынша көптеген зерттеулер жүргізіліп, арнайы жобалар іске асырылуда.Мысалы, Шеврон компаниясының қолдауымен «Caravan of Knowledge» білім беру ұйымы «STEAM- білім беруді дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған жол картасы» аясында әдістемелік нұсқаулықтар дайындалып, STEAM- видеосабақтар, STEAM-декадалар мен конференциялар ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, мектеп мұғалімдеріне арналған Tanym жобасы, Jana Talap жобалары іске асырылуда. Бұл жобалар кәсіби STEAM- тренерлерді даярлайды. Осындай жүргізіліп жатқан ауқымды шаралардың арқасында мұғалімдердің де STEAM-білім беру туралы таныстық деңгейі өсуде. Осыған байланысты, мұғалімдердің STEM- білім беру әдісімен сабақ жүргізуге деген ынтасы мен қызығушылығы артып келе жатқандығын байқаймыз.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 405, № 5, С. 7-19
- Язык
- Казахский
- Цитирований
- 1
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP