Central AsianResearch Index

ЖАСТАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУДЫ ШЕШУДІҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

Соңғы уақыттағы еңбек нарығында жұмыспен қамтылған жастардың статистикасы қоғамға ой салады. Жастар арасындағы жұмыспен қамту барысында тәжірибенің аздығы, мамандарды даярлау мен жұмыс берушілердің арасындағы арақатынастың әліде болса формалды түрде жүзеге асыруы, қайта даярлау курстарының мемлекет тарапынан талаптардың қатаңдығы, жас адамдарпдың жұмыстағы мүдделерінің қорғалмауы белең алуда. Бұл мәселені түбегейлі зерттеу үшін қазіргі жұмыспен қамтудың қолданыстағы моделін зерттеу қажет. Алдымен жастар деген анықтамаға тоқталып шетелдердегі тәжірибелерге талдау жасайық. Мақалада «жастар» түсінігінің шетелдердегі шектік жасына назар аударады. Сонымен қатар, жұмыспен қамтылудың шетелдік бағдарламаларын талдайды. Зерттеудің басты мақсаты - жастар арасындағы жұмыссыздықтың моделін зерттей келе жастардың жұмыспен қамтылуының қазіргі жай-күйін талдау және халықаралық тәжірибе мен өңірлік еңбек нарығының ерекшеліктерін ескере отырып, өңірдегі жастарды жұмыспен қамту моделін жетілдіру. Жұмыстың зерттеу әдістемесі статистикалық мәліметтер негізінде салыстырмалы тұрақтылығын анықтау, SWOD талдау арқылы шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып артықшылықтарын Қазақстандық жүйеге ендіруді ұсыну. Жалпы зерттеудің ғылыми әдістерін қолдану арқылы методологиялық тұжырымдар жасау. Зерттеу нәтижесінде жастарды жұмысқа орналастырудың талданған Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ) және Еуропалық Одақ сияқты халықаралық ұйымдар ұсынған бағдарламалар жастарды жұмыспен қамту мәселелерін шешудің әртүрлі тәсілдері бар екенін көрсетті. Талдау негізінде және халықаралық тәжірибені ескере отырып, Ақтөбе облысында жастарды жұмыспен қамту моделін жетілдіру бойынша жұмыс берушілермен кеңес құру, жас қызметкерлердің мүддесін қорғайтын және ұсыныстарын жүзеге асыратын өз алдына кәсіподақтардың қалыптасуы сияқты ұсыныстар әзірлеу, бұл одан әрі зерттеулер мен практикалық іске асыру үшін негіз бола алады. Кілт сөздер: еңбек нарығы, жұмыспен қамту, жастар практикасы, еңбек биржасы, жұмыспен қамтудың моделдері: европалық,американдық, скандинавиалық. Мүдделер қақтығысы: Авторлар осы мақалада мүдделер қақтығысы жоқ деп мәлімдемейді.

Сведения

Опубликовано
2023 · Т. 403, № 3, С. 407-422
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP