ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ПЕН ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КӨШІ-ҚОН МӘСЕЛЕЛЕРІН КЕҢІСТІКТІК ТАЛДАУ
Тұрақты даму жағдайында көші-қон үрдісі, тек ұлттық қауіпсіздік деңгейінде ғана емес, жаһандық қауіпсіздік жүйесінің бір бөлігі ретінде түсіндіріледі. Тұрақты дамудың қуатты негізі ретінде бұл үрдіс – мигранттар үшін қазіргі уақытта ғаламдық құбылыстардың біріне айналды. Мигранттар халықтың еңбекке жарамды бөлігі үшін елдердің тартымдылығын сипаттайтын әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің бірі. Миграцияның жағымды жақтары қабылдаушы ел немесе аймақ үшін инвестициялардың өсуі, бәсекеге қабілеттілік, мәдени әртүрлілік мигранттардың өмір сүру деңгейінің жақсаруы, кәсіби дағдыларын арттыру, тағыда басқа мүмкіндіктерге ие. Кері жақтары еңбекке жарамды жастағы халықтың азаюы, қартаюшылықтың басымдығы, ғылым мен білімнің ағыны, көшбасшы, шығармашыл халықтың кетуі, елге әлеуметтік және экономикалық жағымсыз жағдай туғызады. Жамбыл облысындағы көші-қонның теріс сальдосын анықтау үшін регрессиялық талдау жасалды. Регрессиялық талдау тәуелді және тәуелсіз айнымалылар арасындағы себеп-салдарлық байланысты анықтауға мүмкіндік береді. Жамбыл облысының миграция процесін оң шешім табуына мүмкіндік бермейтін бірқатар блокиратор факторлар: жұмыссыздық деңгейі, еңбекке жарамды жастағы халықтың көші-қоны, халықтың жан басына шаққандағы ақшалай табысы, облыстағы кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі анықталды. Аталған мәселелерді тиімді шеше білген шет елдер тәжірибесі ұсынылды. Бұл ретте «ақылды қалалармен» қатар «ақылды ауылдарды» дамыту қажеттілігі туындайды. Мақаланы талдау мақсаты екі аспект бойынша қарастырылады: 1) халықтың көші-қонының географиялық заңдылықтарын дұрыс түсіну үшін, оның уақыттық-кеңістіктік динамикасын картографиялық талдау; 2) Жамбыл облысының қазіргі миграция үрдісіне статистикалық талдау жасап, себеп-салдарын анықтау. Мақалада ГАЖ әдістері арқылы картографиялау, SPSS, ANOVA бағдарламасымен статистикалық әдістер, салыстырмалы-географиялық талдау әдістері қолданылды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 403, № 3, С. 298-314
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP