PYTHON ПРОГРАММАЛАУ ОРТАСЫНДА КРИПТОГРАФИЯ АЛГОРИТМДЕРІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕРІ
Бүгінгі таңда ұлттық қауіпсіздіктің саяси және экономикалық компоненттеріне әсер ететін негізгі фактор ақпарат пен ақпараттық ортаның қорғалу дәрежесі болып табылады. Сондықтан құпия ақпаратты бір жүйеден екінші жүйеге тасымалдау барысында оның қауіпсіздігін, тұтастығын қамтамасыз ету мәселесі әрдайым өзекті мәселелердің бірі болып қарастырылады. Сол себепті цифрлық технологиялардың қарқынды дамуына сай ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жаңа тәсілдерін, әдістерін қарастыруымыз қажет. Ғылыми мақаланың негізгі мақсаты- Python программалау ортасында криптографиялық алгоритмдерді(стандартты криптографиялық алгоритмдер мен криптографиялық хэш функцияларды) қарастыру және заманауи криптографиялық хэш функциялардың маңыздылығын анықтау. Криптография ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ақпараттың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ең маңызды құралдардың бірі. Ол бізге құпия ақпаратты шифрлау арқылы рұқсатсыз қолжеткізуден қорғау мүмкіндігін береді. Қазіргі таңда криптографиялық алгоритмдермен қатар, криптографиялық хэш функциялары деректердің қауіпсіздігін сақтаудың тиімді құралдары болып табылады. Сондықтан мақалада білім алушыларға алдағы практикалық жұмыстарға негіз ретінде хэш функцияларының теориялық негіздері, орындалу принциптері мен түрлері баяндалған. Криптография алгоритмдерін Python программалау ортасында кіріктірілген cryptography кітапханасы мен pyperclip плагиндерімен орындау ыңғайлы және кез-келген қолданушыға қолжетімді болғандықтан негізгі программалау ортасы ретінде алынды. Мақалада жиі қолданылатын қарапайым кері шифрлеу, Виженер шифрі, Цезар шифрі, мультипликативті шифрлеу алгоритмдері қарастырылады. Зерттеу жұмысы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің «6В01511- Информатика» білім алушыларымен орындалды. Мақалада көрсетілген практикалық тапсырмалар криптографиялық хэш функциялардың орындалу алгоритмін, сонымен қатар автоматты түрде мәтінді шифрлеу негізі білім алушыларға криптографиялық алгоритмдердің орындалу принциптері мен Python программалау ортасында криптографияда қолданылатын кітапханаларды, функцияларды жетік меңгеруге және құпия сөздердің хэш функцияларын өз бетінше құруға мүмкіндік береді.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 403, № 3, С. 203-217
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP