ЗАМАНАУИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕГІ "SMART-ТЕХНОЛОГИЯЛАР" ҰҒЫМЫНЫҢ МӘНІН ТАЛДАУ
Бұл мақаланың мақсаты Smart технологиялар тұжырымдамаларына және оған берілген нысандарға жан-жақты шолу жасау. Smart технологиялар - бүгінгі таңдағы заманауи технологиялардың негізгі бағыттарының бірі болып саналады. Себебі, Smart технологиялар қазіргі әлемге көбірек еніп, адамның өмір сүру сапасына және тұтастай алғанда әлеуметтік-экономикалық дамуға айтарлықтай оң әсер етуде. Сондай-ақ, өндірушілер өз өнімдерін тұтынушылар мен қолданушыларға Smart етіп жасауға тырысуда. Мысалы: смартфон, Smart сағат, ақылды үй, ақылды қала. Бұл шолуды технологиялардың ақылды болуына негіз жасайтын Заттар интернетіне қатысты ғылыми зерттеулерге назар аудара отырып жүргізу. Өйткені, құрылғылар мен әр түрлі сенсорларды интернетке қосу, үлкен көлемдегі деректерге қол жеткізу арқылы олардың ақылды болуына себепші болған Заттар интернетінің қолданылуы. Smart технологияларды Ақылды қала, ақылды үй немесе адам киетін заттардан көре аламыз. Ал Заттар интернетіңің қолданылуы тұтастай қаланы, үйді, құрылғыларды ақылды етті. Сонымен қатар мақалада ақылды технологиялар іс жүзінде жүзеге асырылатын ақылды қаланың негізгі компоненттері мен ерекшеліктері сипатталған. Соңғы уақыттарда Smart технологиялар мен Заттар интернетін оқыту білім саласында да өз орнын алуда. Оларды жеке пән ретінде немесе басқа пәндермен бірлесе оқыту мәселелері туындауда. Өйткені оларды оқыту кезінде пайдаланатын бағдарламалық және техникалық жасақтамаларды таңдау, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану өте маңызды.
Сведения
- Опубликовано
- 2023 · Т. 403, № 3, С. 45-55
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP