ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ІШКІ ТУРИСТІК НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЯТЫНА ТАЛДАУ
Соңғы жылдары ішкі туризмге сұраныс айтарлықтай өскенімен, қызмет көрсету сапасының жақсармағандығы ақиқат. Ішкі туризмнің дамуы мемлекеттегі әл-ауқат деңгейіне жағымды әсер етеді, себебі жұмыс орнының, жұмыспен қамтылғандардың саны артады, десек те бұл маусымдық әсер болып табылады. Бұл зерттеуде мемлекет резиденттерінен ішінара сауалнама алу тәсілі арқылы жүргізілген әлеуметтік зерттеу өткізілді. Сауалнамаға барлығы 1170 респондент қатысты. Нәтижесінде Қазақстанда саяхаттайтын туристтердің неге басымдық беретіні анықталып, елдегі туризм саласының даму жағдайына баға беру туралы сұраққа қатысты пікірлері зерттелді, респонденттердің әлеуметтік-демографиялық мінездемелеріне анализ жасалды, туристтер шығынының орташа бағамы жүргізіліп, резиденттердің Қазақстан ішінде саяхаттау жиілігі талданды. Мақаланың құндылығы, жүргізілген зерттеу мен белгілі бір материалдарға талдау жасау нәтижесінде Қазақстан Респуликасының ішкі туристік нарығы жағдаятының толыққанды келбетін қалыптастыруға талпыныс жасалды. Зерттеу нәтижесінде көбірек немесе азырақ таңдалатын туризм түрлері, таңдаулы көлік, анағұрлым танымал көрнекі жерлер, саяхаттың жиілігі мен ұзақтығы және т.б. анықталды. Бұл – шешімі мемлекеттегі ішкі туристік нарық қызметіне сұранысты көбейтуге мүмкіндік беретін мәселелерді анықтауға көмектесті.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 6, С. 271-281
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP