БАСТАУЫШ СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН «МУЗЫКА» ОҚУЛЫҚТАРЫ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ПСИХОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІНЕ СӘЙКЕСТІГІ
Оқулық оқушылардың оқу материалын меңгеруге ықпал етіп, негізгі білм-білік дағдысын дамытуға, шығармашылығын одан әрі жетілдіре түсуге және өз бетімен білім алып ізденуіне толықтай жауап беретін құрал болып табылады. Мектеп оқулықтарына қойылатын өз талаптары бар. Бұл талаптар дидактикалық, әдістемелік және әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық жағынан қарастырылады. Жаңа бағдарламаға негізделген қазіргі мектеп оқулықтарының пәндік-білімдік парадигмаға негізделген әрі репродуктивтік сипаттағы дәстүрлі оқулықтардан ерекшелігі қандай деген мәселе мақалада қарастырылады. Соның ішінде 2017-2020 жылдар аралығында «Атамұра» баспасынан жарық көрген «Музыка» оқулықтары алынды [2], [3], [4], [5]. Білім беру деңгейінің 1-4 сыныптарына арналған «Музыка» пәнінінің жаңартылған мазмұндағы Типтік оқу бағдарламасына сәйкес дайындалған оқулықтың оқушының қабылдауына, білім алуына және біржылдық оқу материалды еркін игеруіне жауап бере ала ма деген мәселе деректер арқылы талданып отыр. Сонымен қатар мақалада әр сыныпқа арналған Музыка оқулығының мазмұны оқушылардың білім сапасын арттыруда және жас ерекшеліктеріне сәйкес теориялық әрі практикалық ұғымдарды қалыптастыруда жүйелі берілген бе деген өзекті мәселелер айтылады. Мақалада Музыка оқулығындағы тапсырма мазмұны мен мәтіннің баланың қабылдауына сәйкестігі таладулар негізініде сипатталады. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты – Музыка пәніне арналған оқулықтардың мазмұнын психолингвистикалық тұрғыдан анықтау. Сондай - ақ, оқулық мазмұнын басқа да елдегі оқулықтардың мазмұнымен салаыстыра отырып қарастыру.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 6, С. 189-199
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP