ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ҚАШЫҚТЫҚТАН ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЭЛЕМЕНТТЕРІ БАР БІЛІМ БЕРУ ПЛАТФОРМАСЫ: МҮМКІНДІКТЕРІ МЕН АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Бүгінгі таңда қоғам күн сайын өзгеріп, жаңа идеялармен, жаңа жүйемен жұмыс істей отырып, білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында білім сапасын түпкілікті өзгертуге нақты қадамдар жасауда.Сондықтан сапалы білім беру жүйесінде заманауи цифрлық технологияларды оқытудың формалары мен әдістері, қашықтан оқытуды ұйымдастырудың онлайн-платоформалық әдістемелік негіздері қарастырылады. Демек, педагогикалық технологиялар, білім беру, оқыту тәсілдері мен білімді меңгерудің әртүрлі үдерісін құру, қолдану, анықтаудың жүйелі әдісі болып табылады. Қазіргі заманғы білім беруде қашықтан оқыту форматтары барған сайын жаңарып келеді. Сонымен қатар қашықтан білім беру қызметтеріне сұраныс күрт өсті және ол заманауи қарқынымен байланысты кәсіби маман даярлауда басты рөл атқарады. Сондықтан, қашықтан оқыту түрін кеңінен таратуға ықпал ететін интернет-технологияларды үздіксіз жетілдіріп отыру керек. Осылайша, адамның жаңа қажеттіліктері үнемі жаңарып отыратын жаңа заманауи талаптарды қалыптастырады. Бұл барлық салалардағы өзгерістерге алып келеді және жаңа парадигмаларға жол ашады. Білім беру - білім беру үдерісінің сапасын арттыру мақсатында үнемі өзгеріске ұшырайтын адам қызметінің бір саласы саласы. Қашықтықтан оқыту-бұл білім берудің заманауи түрі. Себебі, қашықтықтан білім беру студенттің қашықтықта қарамастан білім алуына мүмкіндік береді. Осылайша, жаңа технологияларды пайдалану есебінен қашықтықтан білім берудің тиімділігін арттыру үздіксіз үдеріс болып табылады Бұл мақалада қашықтықтан білім беру платформасын дамыту жүйесі қарастырылған. Платформаны құру кезінде қашықтан білім беруге арналған онлайн білім беру платформаларын оқытуға қатысқан еліміздің және шетелдік ғалымдардың ғылыми зерттеулері ескерілді. Сонымен бірге, зерттеу нәтижесінде информатика мұғалімдерін даярлауда онлайн білім беру платформаларын пайдалану қажеттілігі ғылыми негізделді.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 6, С. 166-174
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP