BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN), 2022, № 6, с. 130-140
Географияны оқытуда практикаға -бағдарлау әдістемесі
Аннотация · Abstract
Білім алушыларға білім берудің нәтижесі ретінде ұшқыройлау, өзіндік ізденіс және ақпаратты терең талдау қабілеттерін меңгерутанытылуы керек. Сонымен қатар, қазіргі кезде білім берудің мазмұны менқұралдары жаңартылуда. Оқулықтар және қағаз түріндегі оқу құралдарыменқатар олардың электрондық нұсқалары шығарылуда. Көрнекілік құралдарыөзгертіліп, оқу құралдары тиімді түрге өзгертілуде, және де бұл пәнді әр түрлідеңгейде меңгеруге мүмкіндік беріп отыр.Қазіргі кезде география пәні мұғалімдерінің өз жұмысында көптегеноқытудың техникалық құралдарын және оқушылардың өміріне теледидар,радио, газет-журнал арқылы күнделікті келіп отыратын мәліметтердіқолдануына мүмкіншіліктері көп. Сонымен қатар, басқа да көрнекілікқұралдары мен формалары ығыстырылып қалады. Aл географиялық білімдімеңгеру барлық көрнекілік құралдар мен мүмкіндіктер үйлесімді қолданылғанжағдайда ғана сәтті болады.Осы орайда оқытудың тиімді құралы ретінде сандық көрсеткіштердіайтуға болады. Географияға байланысты нақты деректер келтіруде кез келгенаймақтың халық санының орташа тығыздығын, қаңтар мен шілде айларыныңорташа температураларын анықтауда, биіктік бойынша қысым ылғалдылықтыанықтауда, түрлі елдердің шаруашылық салаларының дамуына салыстырмалысипаттама беруде, т.б. көптеген мәселелерге байланысты нақты көрсеткіштеркелтіруде сандық көрсеткіштердің алатын орны зор. Көп жағдайда сандықкөрсеткіштер білім алушылардың өз бетімен географиялық ұғымдардытүсінуіне мүмкіндік тудырады. Сонымен қатар түрлі қима, диаграмма,графикгерге талдау жасай отырып, әртүрлі мәселелерге қорытынды бере алады.
Сведения · Details
- DOI 10.32014/2022.2518-1467.396
- Журнал · Journal BULLETIN OF THE NATIONAL ACADEMY OF SCIENCES OF THE REPUBLIC OF KAZAKHSTAN ( THE BULLETIN)
- Язык · Language казахский
- Цитирования (Crossref) · Citations 0