Central AsianResearch Index

ЖАСАНДЫ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДЕ ДЕРЕКТЕРДІ ӨҢДЕУДІҢ ТӘЖІРИБЕЛІК БАҒЫТТАРЫ

Адам миының аналогы ретінде жасалған жасанды нейрондық желілердің жұмыс жасау мүмкіндігі өте күрделі деректер жиынын талдауға қабілеттілігімен ерекшеленуде. Күнделікті қолданылып жүрген дербес компьютерлердегі программалар көптеген есептерді шығаруда, тапсырмаларды орындауда адамның жұмысын жеңілдеткенмен, өз бетімен интеллектуалды есептерді шығару, талдау жасай алу мүмкіндігі жоқ. Қолданбалы программалар пайдаланушының нұсқамасына сәйкес белгілі бір алгоритмге сүйене отырып жұмыс жасайды. Жасанды нейрондық желілер толық емес деректертермен жұмыс жасай алу, болжау, шешім қабылдау, бейнелерді тану, өздігімен үйрену т.б сияқты мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Стандартты программалауда мұндай мүмкіндіктер әрине болмайды. Жасанды нейрондық желілермен жұмыс жасау бағытына әлемдегі барлық елдердегі білім саласы ұмтылыстар жасап жатыр. Қазақстандағы жалпы білім беретін мектеп бағдарламасына енгізілген жасанды интеллектіні игеру және бұл бағыт бойынша болашақ информатика мамандарын дайындауда да өзекті болып отыр. Заманауи программалар, дайын қосымшалар, программалауда қолданылатын әртүрлі библиотекалар көмегімен жасанды нейрондық желілердің қарапайым нұсқаларын құру, жұмыс жасау принциптерін жалпылама түсіну мүмкіндіктері бар. Алайда, маман ретінде жасанды нейрондық желілердің архитектурасын, деректермен жұмыс жасау ерекшеліктерін білу, әртүрлі есептерді қандай жолмен шығаратындығын үйрену маңызды. Сол себепті, бұл зерттеуде жасанды нейрондық желілермен жұмыс жасау барысында деректерді өңдеуде оларды жіктеу және шешілетін есепке қатысты атқаратын қызметтерін алдын ала анықтай алу бағыттары қарастырылады. Бұл дағдыны қалыптастыру болашақ информатика педагогтарының жасанды нейронды желілер бағытын тереңірек игеруіне және мектеп тәжірибесінде оған қатысты күрделі есептерді шығаруда табысты нәтижелерге жетуіне ықпал ететін болады.

Сведения

Опубликовано
2022 · № 6, С. 111-119
Язык
Казахский
ISSN
1991-3494 · 2518-1467
Издатель
Central Asian Academic Research Center LLP