КОНЦЕПТУАЛДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕ: ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛГЕ ҚАТЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР
Мақал-мәтелдер – бұл тілдің ұлттық рухты, ұлттық ерекшелікті, ұлттық семантиканың ерекшеліктерін айқын байқауға болатын бөлігі. Онда халықтың бейнелі ойлауы, тіл поэзиясы бекітілген. Мақал-мәтелдер – бұл тілдің визиттік картасы деп айта аламыз. Халықтың бүкіл тарихы, оның тілінің өмір сүру формалары мен шарттары, сондай-ақ геосаяси факторлар: елдің географиялық жағдайы, қоғамдық-саяси, діни құрылымы және тағы басқалары мақал-мәтелдердің мазмұнында өз ізін қалдырады. Мұндай факторлардың болуы көбінесе мақал-мәтелдерге ұлттық дәм береді, ол басқа тілдердегі мақал-мәтелдермен салыстырғанда ерекше байқалады. Ал әйел тақырыбына қатысты мақал-мәтелдердегі концептілердің көптеп көрініс табуын байқаймыз. Білім беру мен тәрбие қатар жүретіндіктен, жер бетіндегі тірліктің бастауы, адам баласын дүниеге әкеліп, ақ сүтін беріп аялап, өсіп өнуінде, қоғам бөлшегі болып қалыптасуында ерекше орын алатын әйел ананы сыйлап, қадірін білуге баулу аса маңызды.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 6, С. 45-60
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP