ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ШЕТ ТІЛДІ ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ІЗГІЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Білім – ғылыми білім жүйесін және танымдық дағдылар мен шеберліктерді меңгеру, оның негізінде тұлғаның дүниетанымын қалыптастыру, шығармашылық әлеуеті мен қабілеттерін дамыту үдерісі және нәтижесін көрсетеді. Жоғары оқу орындарында білім алушы өз мамандығы бойынша білімді игерумен қатар, парасатты, жан-жақты құзыретті, шетел тілін меңгерген тұлға болуы керек. Жоғары оқу орындарындағы оқыту – студенттердің кәсіптік білім, дағдыларды меңгеруінің, шығармашылық қабілеттерінің дамуы, студенттердің өздігінен мамандықты меңгеруіне қажетті дүниетанымы мен жеке қасиеттерінің қалыптасуы бойынша белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерін басқарудың мақсатты үдерісі саналады. Жоғары оқу орындарында оқыту мақсаты – болашақ мамандардың табиғат пен қоғамның басты құбылыстарын түсінуі үшін қажетті ғылымдардың негізін меңгеру болып табылады. Білім мен іскерлік, шығармашылық қызмет пен дүниеге эмоционалды құндылықтар көзқарасы тұрғысынан қарау арқылы іске асатын адамзаттың әлеуметтік мәні бар тәжірибесін меңгеру, жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі мен даму үдерісі негізінде маманның қоғамдық және еңбек қызметіне араласуын талап етеді. Оқытушы мен студенттің өзара қарым-қатынасы барысында білім, тәрбие, дамуды жүзеге асыра отырып, кәсіптік бағытта және әлемдік, қоғамдық сұраныс талаптарына жауап бере алатын тұлғаны қалыптастыру үдерісін айтамыз.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 6, С. 23-36
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP