«САУАТ АШУ» ОҚУЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРАУЛАР МЕН ТАҚЫРЫПТАРҒА МАЗМҰНДЫҚ ТАЛДАУ
«Сауат ашу» - жалпы білімнің негізін құрайтын аса маңызды пәндердің бірі. Пәнді оқу барысында баланың алғашқы жазу және оқу дағдысының қалыптасуы жүзеге асады. Ол өз кезегінде баланың ары қарай білім алуында жетекші қызмет атқарады. Бұл зерттеу жұмысының мақсаты, алғашқы жазуға үйрету үдерісінің теориялық негіздерін зерделеу болып табылады. Зерттеу жұмысының маңызын ашуда тақырып бойынша сауат ашудың базалық білім мазмұнына талдау және сауат ашудың әр кезеңінде жазудың ерекшеліктері туралы зерделенген. Зерттеу барысында мәліметтерді мазмұндық талдау әдісі көмегімен 1 сыныптың «Сауат ашу» 1-бөлім, «Сауат ашу» 2-бөлім оқулықтарындағы тарауларға, сауат ашудың 3 кезеңі бойынша берілетін жаттығу түрлеріне мазмұндық талдау жасалынды. Деректер - зерттеу тақырыбы бойынша психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттер мен мақалаларды талдау арқылы жинақталды. Зерттеу негізінде сауат ашу пәнінің базалық білім мазмұнына және сауат ашудың әр кезеңіне (әліппеге дейінгі, әліппе, әліппеден кейінгі) талдаулар жүргізілген. Сонымен қатар сауат ашудың әр кезеңіндегі жазуға үйрету жұмыстарының ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу нәтижесінде алғашқы жазуға үйрету үдерісінің теориялық негіздері бойынша әр кезеңнің мазмұнына жеке тұжырым мен бірінші сынып «Сауат ашу» оқулығының 1-2 бөлімдеріндегі тараулар бойынша жазу дағдысына байланысты жаттығулар саны мен түрлеріне салыстырмалы талдау жасалған. Зерттеу нәтижесінде баланың көркем жазуына, әріптерді дұрыс бейнелеуіне, әріптерін дұрыс меңгеруіне және сөздерді буынға дұрыс бөліп жазуғына Е.А.Лысенкова, Е.В.Ляскина және Плотникованың әдістерінің көмегі мол және тиімді әдіс екендігі жазылған.
Сведения
- Опубликовано
- 2022 · № 5, С. 68-80
- Язык
- Казахский
- ISSN
- 1991-3494 · 2518-1467
- Издатель
- Central Asian Academic Research Center LLP